Қазақстан халқын келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Жыл сайын осы мейрамның түпкі иелерінің саны азайып, мерекелік реңі де саябырсып келе жатқандай. Алайда, осы мейрам арқылы, жалпы сол жылдардан естеліктер арқылы біз осы өмірімізге толықтай шүкіршілік ете аламыз.
Осы кезде қандай өжет халық болсақ, оған сол жылдардан келген лептің әсер етпей қоймағаны анық.
Қазіргі бүкіләлемдік дағдарыстың да сондай әсері бар деп ойлаймын. Әлбетте бізді күйзелткен жағдай рухымызды мықтырақ етеді. Ал мықты болу – адам ретінде қалыптасу деп білемін.
Жапондарда мынадай мақал бар екен: «Егер маған қиындық туғызбасаң, мен оны сенен сатып аламын», – деген. Сондықтан егер біздің ата-бабаларымыз қанды соғысты бастан кешіріп, ұрпақтың жалғасуына бар күш-жігерлерін жұмсап, аман қалдырса – біздің болмашы сәтсіздіктерге шағымымыз тіптен ұят нәрсе болып қалады.
Мықты болайық әркез… Тағы да мерекелеріңізбен!
Мамыр 8, 2009 at 7:27 тд |
Rahmet, Akzere! Jenis merekesi kutty bolsyn! Jana jenister men tabystarga jetkize bersin!:)
Мамыр 8, 2009 at 9:39 тд |
Рахмет, әумин!
Мамыр 8, 2009 at 8:41 тд |
Әбу Сәрсенбаевтың, “сен құрметте онысы” барлық соғыс ардагерлеріне арналған. Құрметтей берейік оларды.
Мамыр 8, 2009 at 1:15 тк |
Өте әдемі айтылған!
Мамыр 8, 2009 at 2:40 тк |
Көп адам ”немістер осы Жеңіс күні қандай көңіл күйде болады” — деп сұрайды. Немістер ештеңе істемейді. Ұмыиып кеткен ол кезді.
Жеңіс күнімен!
Мамыр 8, 2009 at 2:51 тк |
Батырларды ардақтап, енді соғыстың болмауын тілейік!
Мамыр 11, 2009 at 12:57 тк |
Бұл соғыс фашизге қарсы соғыс еді. Сондықтан, фашизмді жеңген ата-ағаларымызды, тылда еңбек еткен барлық аналарымыздың жеңісі деп білемін.