Сағыныш деген…

Ұйқымды ұрлап, ойларға бастап не түрлі
Арада жатыр арызы бітпес құба түн.
Сағыныш бірақ, сарқылмас сәуле секілді
Жарығыменен жырақты жалғап тұратын.

Ойымды матап, кеудеге байлап ұятты,
Сенімсіз, сәтсіз күтуден қандай таптым мән.
Сағыныш бірақ, сары жапырақ сияқты,
Жетпесең енді үзілемін деп шақ тұрған.

Оятып таңда, таласа тастап әр ізді,
Аңсаған көңіл өзіммен ғана көз ілмек.
Сағыныш сенің беймаза бейнең тәрізді
Тынышымды алшы, елесің емес, өзің кеп.

Телміріп сыртқа күткенмен сенің көзіңді,
Тереземнің де әйнегі тұрды әрленбей.
Өзіңсіз бір күн сағыныш болып созылды,
Мені де біреу сағынар ма екен дәл мендей?!.
……………………………………………………………….

Мені де біреу сағынса, шіркін, дәл мендей…

Өзімнің жақын достарымның бірі – Мұрат Есжанның өлеңі. Мұратты  өте қатты сыйлаймын, өлеңдерін сүйіп оқимын.

Мұрат, өзің айтпақшы “жезөкше болып кеткен” өлеңіңді жариялағым келді :-) Менің ойымша осы өлеңің ең сәтті шыққан туындыларыңның бірі. Сені өте талантты жігітсің, сен әркез биік шыңдардан көре берейік. Осындай көптеген туындылар күтеміз. Рахмет саған!

12 жауаптар “Сағыныш деген…” ке

  1. balgyrganдеді:

    Алматының жаңбыры жаман әсер етеді екен… қай-қайдағыны еске түсіріп қоймай, сағындырып та…

  2. Bayanдеді:

    Осы өлеңге ән жазылған емес пе? Естіген өлең секілді…

    • akzereдеді:

      Баян, өлеңі бар ма, жоқ па білмедім… Негізі Мұрат өзі гитарада, домбырада ойнайды. Бәлкім өлең шығарып та тастаған шығар. Сұрап көру керек екен…

  3. urimtalдеді:

    Жақсы өлең екен. Бұрын естімеппін. Мұраттың “жезөкше болып кеткен” өлеңін тағатсыздана тосамын.

  4. Айкодеді:

    неге жез өкше? :)

  5. ruslannnnдеді:

    Күшті өлең екен. Қазір барам. :)

  6. Jan_Ainaдеді:

    МАШАЛЛАХ! блогтарға кірмегелі 2-3 күн болып еді, өзгерістер көбейіп кетіпті ғой! :) . Зере, “Өзіңнің қандай екеніңді айтайын, досыңды көрсет”, принципіне салсақ, 100 болдық жүйемен 200 деген баға беруге болады!!! Екеуіңізге де!!! :) ))

Жауап қалдырыңыз