Бірде атасы немересіне мынадай әңгіме айтыпты.
- Әр адамның ішінде қасқырлардың арпалысындай күрес жүріп жатады.
Бір қасқыр зұлымдықтың: қызғаныш, көреалмаушылық, опық, өзімшілдік, кеудемсоқтық, өтіріктің атынан шықса, екінші қасқыр – бейбітшілік, махаббат, үміт, мейірімділік, шындық, кеңпейілділік, сенімділікті құрайтын – ізгіліктің атынан шығады.
Немересі осыны естіп, біраз ойланып: – Ал соңында кім жеңеді? – деген сұрақ қояды.
Атасы жымия күліп:
- Қайсысын жақсы тамақтандырсаң, сол жеңеді, – деген екен.

Сәуір 14, 2009 at 9:01 тд |
Шамасы, немересі тамақ ішпегесін айтқан болуы керек атасы
Арпалыс болғаны дұрыс. Арпалыс бар жерде даму да бар.
Сәуір 14, 2009 at 10:11 тд |
Әкем мен інім тамақтанып алып дем алып жатыпты. Інім жаңа 3-ке толса керек. Әкемнің іші гүрілдепті, інім қорыққан болу керек: “Папа, мынау не?” – “Қасқырдың күшігі ғой, өсіп енді сыртқа шықпақшы” десе “Шығарма! Шығарма дейм!” деп папамыздың аузын жабады дейд…
Рухани дамиық па?! Театрға қалай қарайсыздар?! әлде кітап па?! Поэзия? Табиғат?… Қалай “тамақтандырсақ” болады екен?!
Сәуір 14, 2009 at 1:29 тк |
Иә, қайсысына қадай қарасаң сол басымырақ болады. Бәрі өз қолыңда жақсы жасасаңда, жаман қылсаңда…
Салта негізі мен барлығына дұрыс қарайм. Табиғат деген жақсырақ сияқты. Таза ауа дегендей…
Сәуір 14, 2009 at 2:23 тк |
Ақзере-е-е, қандай әдемі! АЛЛА разы болсын сізге! Ізгілік жақтың қасқырын өзіміздің Көк бөрі деу керек болар, иә
. Ала ана қасқыр… ол – шибөрі ма екен, әйтеуір ол қасқыр – жақсы қасқыр емес.
Сәуір 14, 2009 at 7:38 тк |
Ерік жігер мен нәпсі ғой адам бойындағы, меніңше.
Сәуір 15, 2009 at 1:49 тк |
Саконтай
Айконтай…
Аңсар дұрстап жазч, түсніксіздеу.
Сәуір 17, 2009 at 4:09 тк |
tüsinbedim, Aiko xanym. Kalai jaz deisiz?
Сәуір 21, 2009 at 6:26 тк |
добавил в сообщники )
Қараша 25, 2009 at 2:53 тк |
сезімсіз өмір сүруге бола ма?
Қараша 30, 2009 at 7:31 тк |
Бота, сезімсіз өмір жоқ қоршаған ортаның әдемілігін, дәмін, үйлестігін сезбесең.адамның бойындағы ғашықтық, махаббат, достық сезімдерсіз өмір жоқ.
Адамдар уақытша аз сезімге беріліп өкініп жатады.
сезім жоқ деп шығады.
Қараша 30, 2009 at 7:15 тк |
бұл екі қасқырың адамның бойындағы екі қасиеті, немесе екі иығында отырған бірі шайтан,бірі періштесі.
қайсысының соңынан кетсе сол жеңеді.