Жылдар бойы бәлкiм, сiздi iздегем?!
Сезiмiмдi жеткiзем деп
Сөз қалмады тiзбеген.
Жүз сөзге де сыймайды сағынышым,
“Хат жаз” дейсiз.
Қалай және не жазамын сiзге мен?
Тағы, тағы жанарыма қонақтады шық арсыз…
Жылы сөзге мен сияқты сiз де зәру шығарсыз.
Жүрегiмнiң тiлiнде ғой айтпағым,
Үнсiз қалсам, ұғарсыз.
Құралай Омар

Әдемі…
Осы Құралайдың тағы бір өлең жолдары бар
Сендегі үнсіздік — ақталу,
Мендегі үнсіздік — кешірім деген.
Рахмет, Ақзере!
Әдемі. Сурет те, өлең ішіндегі сезім де сөйлеп тұр. Рахмет, Ақзере!
Ақзере, ол оқи ма бұларды? Анда-санда хабарласып тұра ма еш болмаса?
Блогыңызға кірсем жастықтың ғана емес, нәзік сұлулықтың да кейпін көрем!
АЛЛА жар болсын сізге!
Құралайдың өлеңдері аспаннан мөлт-мөлт етіп тамып жатқан мөлдір тамшылар сияқты
жыладым,,,
Керемет өлең. Сіз блогыңызға акындар айтысына форум жасасаңыз қойсаңыз нұр үстіне нұр болар еді.
Бір адам бар жүрегімді жаралаған….
Бір адам бар жүрегімді жаралаған,
Бір минут ойдан кетпей, мазалаған.
Телефонға қайта-қайта алаңдатып,
Хабарласпай, кінәм үшін жазалаған.
Кінәм сол, ғашық болып қалдым саған,
Көздеріңе күн нұрындай жымыңдаған,
Сөздеріңе құлағыма сыбырлаған,
Әндеріңе гитарамен сыңғырлаған,
Жаным-ау, қандай ғажап сый ең маған.
Сол сыйды бағалай алмағаным,
Сен тым алыс болып кеттің жаным.
Бір елдің топырағынан нәр алсақ та,
Суып кеттік, қайнайды соған қаным.
Күнде көріп жүзіңді, келбетіңді,
Жүрсемде сағынамын бір үніңді
Асылым сенің кәусәр әндеріңмен
Мен түгіл дала гүлі тербетілді.
Талай- талай айлы түн аясында
Есілдің жүрген едік жағасында
Жұдырықтай жүрегім қақ бөлініп
Кетердей сол күндерді еске алғанда.-десем бола ма болмай ма?
Анда санда олең шығаратын әдетім бар еді. Бағасын беріңізші.
оте жаксы керемет деуге болады
Кремееет екен.
Пікірлеріңізге рахмет! Өлең ұнағанына қуаныштымын. Құралайдың өлеңдеріне не жетсін, шіркін…
Нұрғиса, ОЛ деп ана хаттың кейіпкерін айтсаңыз, ия, ол хабарласып тұрады. Бірақ біз доспыз…
жалпы, уайымым жоқ десе де болады.
Жалпы, қазіргі уақытта бәрі артта қалған ғой. Ол бұдан біраз уақыт бұрын жазылған хат, және сол кездегі сезімдер. Ал қазіргі уайымым басқаша… не басқада
Өлеңді оқырмандар сұраған соң жазып отырмын…
Самга, өлеңіңіз жақсы жазылған, бірақ тез жазылғандай көрінді.
Ақындарға арнап “Мой мир” желісінде ашқан қауымдастығым бар.
http://my.mail.ru/community/makhabbat/ – осы адреспен. Мүше болып, ұсынар өлеңдеріңіз болса жариялап тұрсаңыз болады.
Уайымның болмағаны жақсы, Ақзере.
Оқырмандарыңның ұсынысын аяқсыз қалдырмағаның үшін алғыс айтамыз
Уайым болмағаны жақсы
қазір байтал түгіл бас қайғы болып жатыр ма сонда?
Өлеңдерді оқып, ебіл-дебіл болдым.
Осы блогты ашу ниеттеріңіз жақыс екен, бірақ өлең жазу оңай шаруа емес, сондықтан поэзияның құтын қашырып, құнын түсіріп алмаңыздар. Қара сөзді тізіп жазу өлең емес, оның белгілі бір шарттары болады, оралымды ұйқас, жүректі дір еткізер жаңа ойлар керек.
Біреулеріңізде сондай ұшқын бар. Қыздардың тағдыры, күйеуге шықпай отырып қалған, тұрмыс құрсам ба деген үмітпен жүргендер туралы өлеңнің құрылымы жақсы, көтерген жүгі ауыр, бірақ соған берілген баға 0 бопты, соған таң қалдым. Әлде бұл жерге тек жеңіл-желпі көңіл көтеруді мақсат еткендер ғана кіре ме?
Ия, мұнда тек жеңілтек адамдар жүреді, сіздің элитаңызға сай емес бұл жер.
Я, кандай Асем,кандай асыл создер десенши мен осы еки куннен бери карап журмин осы сайтты маган катты унады. Тагы МАХАББАТ, СЕЗИМ, АНА туралы оленжырларынызды калдырсаныздыр екен деймин
Пікірлерінізге рахмет
Жылдар бойы күдерімді үзбегем…
Сезім солды, сөздерде көп
тек қағазға тізбегем…
Жүз сөз емес, мың сөз болсын, өте кеш қой жарығым…
Мен үйленгем, сорлы қыз-ай…
үйленген соң іздеген…
Үнсіз қалсаң ұғармын ау басқа келер небір мін…
Жүрегіңнің тілін сорып жаталмаспын, мұным шын.
айызыңды қандыра алман, кешір сәулем өзіңмен.
Тым болмаса, етек көтер мен сияқты біреумен
ӨТЕ КЕРЕМЕТ, НЕГЕ АНА ТУРАЛЫ ЖАЗБАЙСЫЗ?
Өзге түгіл өзім безіп кеткенде
Сен жанымда қала бердің,
Кетпедің.
Адал жансың!!!
Маздап қана жанып жатқан махаббаттың алауын,
Сезімің бар, сен аядың теппедің.
құр қолға бата жүрмейді.. әйтпесе, өкіртіп тұрып жазып берер едім…
әдемі сөздер…..)))
Куралай Омардын олендери катты унады,Мукагали мен Фаризанын олендерин гана окушы едим,Ал Куралайдын олендери керемет екен,Онын барлык олендерин окыгым келеди,Кайдан алуга болады екен???????????????
Махаббат бар ма өзі деп бул ғаламға таң қалам?!! Иа бар дейт быр адам, ол ана махаббаты. Шынайы махаббат тек сүйю гана емес сол үшін жанынды беру емес пе?! Әсте ондай адам бұл ғаламда жалғыз- АНА!!! Сондықтан аналарға мың АЛҒЫС!!!