Қалаға жаңбыр құйды,
Жолына қарап тұрмын,
Жолына қарап тұрмын тереземнен.
Қоштасып сен кеткенде,
Дәл осындай көктемде
Дәл осындай көктемде – келем деп ең.
Өтті міне, көктем талай
Ұмыттың сен мені қалай?
Жүзің арай, сөзің балдай
Күте, күте көзім талды-ай
Ал жаңбыр шелектеуде,
Жылады теректер де.
Жылады теректер де, сусып алған.
Сағыныш керек неге?
Әйтеуір сол көктемде
Әйтеуір сол көктемде бір сыр қалды-ай.
Өтті міне, көктем талай
Ұмыттың сен мені қалай?
Жүзің арай, сөзің балдай
Күте, күте көзім талды-ай
Қалаға жаңбыр құйды…
Сөзі – Назира Бердалі, Әні – Гаухар Әлімбекова.
Наурыз 19, 2009 at 7:04 тд |
Орындайтын – Ақзере.
Даусың әдемі екен.
Наурыз 19, 2009 at 8:59 тд |
Рахмет, Руслан!
Наурыз 19, 2009 at 9:09 тд |
“Ол көктем оралмайды”…
Наурыз 19, 2009 at 5:44 тк |
осы әнді өкінішке орай естімеппін, сөзі әдемі, мұңлы…
Наурыз 25, 2009 at 10:28 тд |
ani de ademi