Бүгін қазақ лирикасының атасы саналатын біртуар ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туылған күні.
Қазақтың махаббатын жырлаған, сағыныш пен мұңды, өмір мен өлімді жырлаған ақынға деген менің махаббатым ерекше.
Бұрын кішкентай кезімізде әкем Мұқағалидің кітабын алып, бізге өлең оқып бергенді жақсы көретін. Кішкентай, кітап толған сөренің ең көп оқылатын кітабының бірі осы Мұқағалидің кітабы болатын. Сондай өлеңдерді тыңдап, кейін оқып өскеннен бе менің поэзияға деген құлшынысым зор.
Бәлкім, балалық кезде көп мағынасын түсінбеген болармын, кейін ашып оқысаң Мұқағалидің әрбір өлеңінен көптеген сұрақтарға жауап табуға болатынын түсінесің.
Осы блогымды ашарда ат таңдауда мен қатты қиналмаған едім. Бір күні жатарда осы “Ақын… Періште… Махаббат…” деген театрдағы қойылымның аты есіме түсіп кетті. Жалпы сол спектакль не жайлы, кім жайлы екенінен бейхабар едім. Кеше досым айтады, бұл қойылым Мұқағалидің өмірінен және соның өлеңдерінің үзінділерінен жасалған деп. Блогымның аты Мұқағали ағамыздың өнерімен ұштасқанына өте бір риза болып қалдым. Осы ат бекер басыма келмеген екен-ау деген ой туды.
Білдей, Мұқағали ақыны бар қазақ елі қандай бақытты! Періште көңілді ақын өмірдің мәні – махаббатты жырлап, артынан үлкен қазына тастап кетті. Оны оң ниетпен қабылдап жатқан біз де бақытты шығармыз осы…
О, махаббат!
О, махаббат сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің,
Елтіген түнім едің,
О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!
Мен сені ұмытқанмын
Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,
Суып қаным,
Жинағам құрып хәлім
Құлаған отауымның уықтарын
Содан бері мен сені ұмытқанмын.
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Тірі болсаң, мен де енді тірілемін
Ақ періште алдына жүгінемін
Қолдай гөр ғашықтардың пірі мені…
М.Мақатаев