1971 Нобел әдебиет сыйлығын алған Пабло Неруданың шығармашылығынан
Ақырын-ақырын өледі – әдетінің құлы болғандар, бағытын өзгертпейтіндер, көкжиектерін кеңейтпейтіндер, кимідерінің түсін де өзгерте алмағандар, немесе бір бейтаныспен сөйлесе алмағандар.
Ақырын-ақырын өледі – құмарлықтан, жүректі тез қаққызған, көздерді жайнатқан қателіктер мен сезімнен қашатындар, ақ пен қараны ғана қалап, нүкте қоюға асығатындар ақырын-ақырын өледі.

Ақырын-ақырын өледі – үстелді төңкермейтіндер, жұмыста бақытсыз болып, өзгерісті қаламайтындар, арманға жету үшін тәуекелге бел байламайтындар, өмірлерінде бір рет те болса есті сөздің сыртына шыға алмағандар.
Ақырын-ақырын өледі – саяхат етпейтіндер,
Ақырын-ақырын өледі – оқымайтындар, музыка тыңдамайтындар, өз-өзімен үндестік таба алмағандар.
Ақырын-ақырын өледі – махаббаттан безетіндер, ізеттіліктерінен айырылғандар, өміріне шағым айтқыштар, сәтсіздіктері мен толассыз жаңбырды жыр ететіндер.
Ақырын-ақырын өледі – бастамай жатып, жоспарынан бас тартатындар, білгенін айтқысы келмейтіндер.
Ақырын ғана өледі…
Поштаға салып жіберген Ізгілікке рахмет! Жазбаға бірқатар аударма мен толықтырулар енгіздім.
Ақырын-ақырын осылай өмір өтеді…
Ақырын-ақырын өледі – үстелді төңкермейтіндер, жұмыста бақытсыз болып, өзгерісті қаламайтындар, арманға жету үшін тәуекелге бел байламайтындар, өмірлерінде бір рет те болса есті сөздің сыртына шыға алмағандар.
керемет айтыпты, мен осыны айтып бірталай адамды сендіре алмай жүр едім, енді бәленше ғұлама айтыпты дейтін болдым ғой
Ақыры-ақырын өлмес үшін адам өміріне “революция” жасап тұрғаны дұрыс қой шынымен де
жалқаулардың бәрі өлі тірілер ғой сонда)
kiimnin tüsin ozgertu jaily jazylgan jeri bir turli eken. jok adam nesin özgertedi?
ol adan Nobel syilygyn algan deniz
Aktompak
//өмірлерінде бір рет те болса есті сөздің сыртына шыға алмағандар.//
Magynasy kalai sonda?
қызық жазба, ақырын өлгім келмейді
“қайнап” жатқан өмірімнен кеткім де келмейді
тамаша жазба…
ansar08, Ережемен өмір сүретіндер жайлы айтылған.
“Опасеееееен но свободеееееенн!!!!” деп ән айтатын біреу бар еді ғо, соның видеосы инетте алғаш шыққан уақытта, ЖЖ-дағы біреу жазыпты, “бұл шувак, қиратпастан бұрын, өзінің қазіргі күйін сақтап қалды ма екен?” деп
Секірген жақсы ғой.
Сол сияқты, алдын ала резервті көшірме жасап алып барып, бәрін қиратпаса білмедім.
Ағыспен келе жатып пшик ете қаламыз, ия, негізі. Кімде қандай ұсыныс бар? Танымайтын көрші қызды бірінші этаждың подъездінде ішіне су толтырылған тапаншамен түннің бір уағында атып кетуден басқа ештеме ойыма келер емес.
Біреулер болса, парапланмен секіріп жүр. Мың доллар, ех
Русланннн, неге сразу жаман ойларға тап боласың, а?
керемет жазылған екен
алып оқығым келіп кетті
“Кто не рискует тот не пьет шампанское!” Біреуге тіптен көшеге шығу “риск”
Акзере сізден өтініш маған Ізгілік ағанын электронды адресін жазып жіберсеңіз. Жаны рухани бай , жақсы әңгімелерге толы адамдармен достасқым келеді.