Міне, бүгін жаңа 2009 жылдың 5 қаңтары. Дала аппақ қарға оранған, күн де жарқырап, сәулесін төгуде. Көңіл-күй де жадыраңқы…
Жаңа жылға аттап басқан қадамда үлкен үміттер мен армандар… Мүмкін, өмірде бәрі де біз қалағандай болмайтын шығар, бірақ соның өзі өмірімізге біраз да болсын дәм береді емес пе? Әйтпесе әрдайым ақ жолақта өмір сүрсек, қуаныштың қадірін түсінбейтін де шығармыз?
Мен кейде ойлаймын, адам өз-өзімен үндестікте өмір сүрсе бәрі де жақсы болатын сияқты. Яғни, адам өзін жақсы көрсе, мақтан тұтса, ақыл мен сезім бір тілде сөйлесе, міне, осындай кезде жанды тыныштық баурайды. Ал жанымыз тыныш болса бақ та, жақсы көңіл-күй де, рухани тоқтық та бізбен бірге болады.
Сондықтан әрдайым өз-өздеріңізбен үндестікте болыңыздар. Өздеріңізге ұнайтын іспен шұғылданып, өзіңіз үшін – өмірдегі ең керемет адам үшін ештеме аямаңыз, өзіңізді сүйіңіз, сонда ғана барлық жақсылық, барлық жақсы адамдар, сізге керек адамдар сізге қарай тартыла түседі.
Осындай үндестікпен жаңа жылға қадам басайық. Барлық істеріңізге сәттілік тілеймін!

Uncategorized |
Posted by akzere