Берет – романтикалық бас киім

Қаңтар 27, 2009

Көбіміз мектепте оқып жүргенде бас киім киюді ұнатпай, үйден шыға сала сөмкеге тығып тастайтынбыз. Ал есейе келе бас киімдердің түр-түрі шығарылып, таңдауға үлкен мүмкіндік барын білдік. Соның бірі ең танымал беретка болып саналады. Беретка таңдағанда және кигенде қандай қателіктер жібермеу керек, осы жайлы бірер кеңес.

1. Берет – бұл шындығында романтикалық бас киімдер қатарына жатады. Сондықтан оны өкшесіз етікпен, былғары күртешемен және джинсымен киюге болмайды. Пальто, өкшелі етік және юбкамен кисеңіз қатып кетеді.

2. Аңыз болған Бонни мен Клайд гангстерлік жұптағы Боннидің береткасындай жүн матадан жасалған классикалық модельдерді таңдауға тырысыңыз. Бұл фасондағы береттер кез келген түр-әлпетті әдемілетіп жібереді.

3. Көлемді тоқылған береттерді маңдайға түсірмей, желкеге қарай майыстырып киген дұрыс.

4. Шашыңды береттің астына жинап тастамаңыз, тым құрымағанда кекіл қалдыруға тырысыңыз. Көптеген дизайнерлер беретті жайылған шашқа киюді ұсынады.

5. Акссесуарларды беретке сәйкестендіріп тағу міндетті емес. Алайда аксессуар үстіне киген киімге, не аяқ киімге сәйкес болуы міндетті.

6. Жиын кештерге романтикалы көйлегіңізге қосымша сәнді берет (жұқа иірілген жіптерден тоқылған, пайтектермен сәнделген немесе кестелі) киіп алсаңыз да болады. Осы тұста ең қайталанбас стильді ханым атағын өзіңізге бұйырып тұрғанына күмәндаңбаңыз.


Махаббат қайда?..

Қаңтар 23, 2009

Сіз әлі де өмірлік жартыңызды жолықтырмадыңыз ба? Махаббатыңызды арманыңыздағы жігітке сақтап, ал онымен кездесу әлі де бұйырмай жатыр ма? Жауапты қайдан табамыз, осы сұраққа психологтар мынадай кеңес береді:

Махаббатыңызды болашаққа ысырып тастамаңыз, яғни бірінші сол адам пайда болсын, сосын көре жатармыз деген сияқты. Мұндай іс тек бір ғана жолға – қайталанбас “ханзаданы” терезенің алдында күтіп, көп жылдар бойы отыра беруге әкеледі. Белгілі “Ұйқыдағы ару” ертегісіндей ұйықтап жатқан ханшайымды ханзадасы келіп ояту, өмірде қартайған шақта іске асуы мүмкін. Ұйқыдағы ару жанры өмірлік заңдылықтарға сәйкес келмейді.

1186142148_a_dreamy_world_56th_by_grafixeye

Толығырақ оқу үшін »


Бір тамшы көздің жасындай…

Қаңтар 23, 2009

1197298522_dozhdinki-sljoz2-copy


Кәрісше махаббат…

Қаңтар 21, 2009

- Мен сізді сағындым, операциядан кейін қаншама уақыт сізді күттім. Сарғая, күні-түні күттім. Ал сіз келмей қойдыңыз, сондықтан қатты ызаланып ешкіммен сөйлеспей қойдым.

- Сіз маған уәде бердіңіз ғой, егер мен ақылды болсам, менің жанымнан ешқайда кетпейсіз деп, уәде бердіңіз ғой.

- Менің ақылды болғанымның бір ғана себебі бар: Мен мұғалима Ин Хені бақытты еткім келді.

- Мен артыма қарамадым, өйткені қарасам болды оны жібере алмайтынымды, қия алмайтынымды білдім.

- Сіздің жылағаныңызды көріп, енді сізге жолықпайын деп шештім. Сіздің жылғаныңызды көре алмаймын. Ендігәрі жылатпаймын деп шештім.

- Сіз кеткелі бері сіздің маған жетіспейтініңізді сездім. Көз алдымда жүрген соң, көп білінбейтін. Ал қазір сіз маған керексіз…

Бұл қазіргі болып жатқан “Жаратқан ием, армысың!” атты корей сериалынан диалогтар. Кәрістің қай сериалын алмасаң да, махаббат сондай шынайы суреттеледі. Ойлары ашық, мәдениетті, сыпайы. Сүйіспеншіліктері мейірім, қамқорлық, жанашырлыққа толы. Тұнып тұрған романтиканы кәріс жігіттерінің барлығы жеткізе ала ма, әлде өмірде бәрі басқаша ма? Кім біледі, алайда осындай сүйгендері бар кәріс қыздары бақытты шығар…
Кәріс сериаларының танымалдылығы тек жас қыздардың ортасында ғана емес жігіттердің арасында да артып келе жатқаны қандай жақсы болды. Көргендерге үйреніңіздер демекпін, махаббатты солардан үйренейікші…

photo15255


Ақырын ғана өледі…

Қаңтар 19, 2009

1971 Нобел әдебиет сыйлығын алған Пабло Неруданың шығармашылығынан

Ақырын-ақырын өледі – әдетінің құлы болғандар, бағытын өзгертпейтіндер, көкжиектерін кеңейтпейтіндер, кимідерінің түсін де өзгерте алмағандар, немесе бір бейтаныспен сөйлесе алмағандар.

Ақырын-ақырын өледі – құмарлықтан, жүректі тез қаққызған, көздерді жайнатқан қателіктер мен сезімнен қашатындар, ақ пен қараны ғана қалап, нүкте қоюға асығатындар ақырын-ақырын өледі.

de5003a251fc

Толығырақ оқу үшін »


Сағындым сені, сағындым…

Қаңтар 19, 2009

23469849_1184879825_11714812_mlove-copyЖалғандағы армандаған асылым
Мұңымды айтам мен өзіңе жасырын
Асау өткел өткізбеді
Қашқан жолдар жеткізбеді, жаным
Айлар өтті кездеспедің
Сырларымды сезбеспе едің, жаным
Сағындым сені, сағындым.

Бір өзіңді ойлай-ойлай жыл өтті
Ғашық жүрек от боп жанды, дір етті
Қара көзің күлімдеген
Кірпіктерің дірілдеген, жаным
Жайнап өскен гүлім деп ем
Жүрегімді тілімдеген, жаным
Сағындым сені, сағындым.

Ғұмыр кештім мен өзіңмен, аяулым
Шықпай қойдың сен есімнен, аяулым
Кездескенде көктем еді
Көкте тырна өткен еді, жаным
Құстар қайтты – оралмадың
Сен бақытты бол, арманым, жаным
Сағындым сені, сағындым…

М.Бесбаев


Жаңа жыл… Жаңа бақыт…

Қаңтар 5, 2009

Міне, бүгін жаңа 2009 жылдың 5 қаңтары. Дала аппақ қарға оранған, күн де жарқырап, сәулесін төгуде. Көңіл-күй де жадыраңқы…
Жаңа жылға аттап басқан қадамда үлкен үміттер мен армандар… Мүмкін, өмірде бәрі де біз қалағандай болмайтын шығар, бірақ соның өзі өмірімізге біраз да болсын дәм береді емес пе? Әйтпесе әрдайым ақ жолақта өмір сүрсек, қуаныштың қадірін түсінбейтін де шығармыз?

Мен кейде ойлаймын, адам өз-өзімен үндестікте өмір сүрсе бәрі де жақсы болатын сияқты. Яғни, адам өзін жақсы көрсе, мақтан тұтса, ақыл мен сезім бір тілде сөйлесе, міне, осындай кезде жанды тыныштық баурайды. Ал жанымыз тыныш болса бақ та, жақсы көңіл-күй де, рухани тоқтық та бізбен бірге болады.

Сондықтан әрдайым өз-өздеріңізбен үндестікте болыңыздар. Өздеріңізге ұнайтын іспен шұғылданып, өзіңіз үшін – өмірдегі ең керемет адам үшін ештеме аямаңыз, өзіңізді сүйіңіз, сонда ғана барлық жақсылық, барлық жақсы адамдар, сізге керек адамдар сізге қарай тартыла түседі.
Осындай үндестікпен жаңа жылға қадам басайық. Барлық істеріңізге сәттілік тілеймін!