Жаңа жыл сезілмей ме?

Жаңа жылдың сықырлағаны байқалмай тереземізді ақырын қағуына байланысты көбімізде жаңа жылдық көңіл күй білінбейтін сияқты. Бұны, дамыл таппай зерттегіш ғалымдар, кризистің әсерінен деп жатыр. АҚШ-та рождестволық сыйлықтардың жыл сайынғы өтілуі төмендеп, адамдардың мейрамға деген құлшынысы салқындап қалғанын айтады.
Бізде де шамалы сондай жағдай. Бәлкім бала-бақша, мектептерде басқа көрініс шығар, ал біздің өмірде күйбің тіршілікте жаңа жылдық ғажайыпты күту немесе жаңа жылдық көңіл күй мүлде жоқ десе де болады.
Сол себептен сіздерге біраз да болсын демалдырып, құлшындыратын мынадай жаңа жылдық фильмдерді көруге кеңес беремін:


“Ирония судьбы, или С легким паром!” – әрбірімізге таныс, ресейлік режиссер Эльдар Рязановтың 1979 жылы шығарылған фильмі. Бұл фильмді отандық телеарналардың бірде біреуі елемеусіз өтпейтіні белгілі. Бағдарламаларды ашып қарасаңыз, әйтеуір бір каналдан осы фильмнің болатынын көресіз, ал тіптен болмай жатса СD-дискілер де сатылымда, қол жеткізуге өте оңай. “Карнавальная ночь” – тағы да Эльдар Рязановтың 1959 жылы түсірілген фильмі. Кеңес одағының ұлттық қорына енген бұл фильмнен өмірі қартаймайтын Гурченконың “5 минут” пен “Песенка про хорошее настроение” сияқты өшпес хиттарды тыңдай аласыз.

“Love actually” (“Реальная любовь”) – махаббат және оның түрлері. Маған әсіресе ештеме айтпай, картон қағазға жазып түсіндіретін жерлері ұнайды  :-)

“Чародеи” – бұл жаңа жылдық ертегіде осы жылы өмірден өткен Александр Абдуловты еске аласыз және нағыз махаббаттың бар екеніне біраз да болсын сендіретін фильм.

“Один дома” – бала кезімізден сүйіп көретін фильм. Үйде жалғыз қалған бұзық баланың ұрыларды тырқыратып, көкесін көрсетуін әркез жымиған езумен көретініміз анық. Кішкентай кезімде сол ұрылардың топастығына жыным келетін. Неге сол бір кішкентай баланы қолдарына түсіре алмай деп, хе-хе…

“Serendipity” (“Интуиция”) – тағдырға сенесіз бе? – Онда бұл сіздің фильміңіз.
Әр жыл сайын жаңа жыл қарсаңында қараймын. Бүгін, міне үшінші жыл қарап шықтым.

“Bridget Jones’s Diary” (“Дневник Бриджит Джонс”) – өміріңізге риза болмай, жаңа парақшадан бастағыңыз келсе Бриджитпен бірге бастаңыз. Бәлкім, алда сізде армандарыңыздың орындалуы күтіп тұрған шығар? ;-)

Өзімнің көру керек деген қорыма мына фильмдерді жазып қойдым:
“Эта прекрасная жизнь”
“Приходи на меня посмотреть”
“Падал прошлогодний снег”
“Ищите женщину”

Сіздердің қандай жаңа жылдық сүйіп көретін фильмдеріңіз бар? Қандайын көруге кеңес бересіздер?

13 жауаптар “Жаңа жыл сезілмей ме?” ке

  1. akzereдеді:
  2. Баяндеді:

    Қайбір жылы “Қазақстан” ұлттық телеарнасы түсірген “Бір бала” деген жақсы деректі десем болатын шығар, жақсы дүние көрсетілген болатын. Соны көрсетсе, мереке қарсаңында, қарап шығар едім.

  3. Ақмаржандеді:

    сізді құдды “…” платный шпионы деп қалдым. қалжың ғо жанчик :)
    “Bridget Jones’s Diary” кітабын оқып бастаған сяқты едім есімде жоқ файлдарым ұшып кетіп жоқ болды-ау шамасы :(
    тупо отрп ой тапқыңыз келсе Кун-Фу Панга, Тачки(ағылда-тегіл жылайсың), Наруто(інімнің бұдан не тапқанын білмедім, даусы-жапондық, жазлуы-ағылшындық) керемет екенді мыс…

    а айтақшы, 10 күн демалыста не істейміз? жақсы пост та, сіздің кеңес берген киноларды тауып алып көріп шығуға болады екен

  4. ruslannnnдеді:

    Форрест Гамп.

    :D

  5. Aikonaдеді:

    Қатты күтіп жүрген сияқты едім. Жақындаған сайын көп сағынбағанымды байқадым. Просто қаз ешқандай ұмтылыс болмағаннан соң шығар…
    Көбіне “Один доманы”-көретінімін. Ұнайд. Көру керек деп ешқандай тізім құрмадым. Мүмкін осы жерден списогын алып қарап шығармын :)
    Ақмаржан, ааа қандай жақсы 10 күндік демалыс деген. Ол бізге арман ғой…

  6. ruslannnnдеді:

    Фландрия.
    Тоннельные крысы.
    Паспорт.
    Фонтан (1988).
    Фонтан (2006).
    Пи.
    Осылардан кейін, справка алу шынымен қиындайтын шығар. Медосмотрдан өтіп алғаным қандай жақсы болған…

  7. huanyshдеді:

    “Ирония судьбы, или С легким паром!” бұл фильм жж-ның классикасы болып калған секілді.
    Кейінгі жалғасы Хабенский түсентін нұсқасыда ұнады.
    “Love actually” (“Реальная любовь”) – киносында гитарамен айтқан өлеңі нағыз жж-дық ән.
    Мен ұсынатын кино “Знакомьтесь, Джо Блэк / Meet Joe Black (1998)” деп аталады.

  8. ansar08деді:

    Біздегі студенттерлің біразы Қазақстанға қайтыр жатыр. Сол былтырғыдай ұйықтап қалу ойымда бар. Басқа ешнәрсенің қисыны келмейді. Один доманы қанша көрсеңде қызығы таусылмастай көрінеді.

  9. Арайлы Ақтөбеден Аршатдеді:

    Четыре Рождества деген жаңа фильм шығыпты темасы қызық сияқты. кино.уан.кизет сайтында ақпарат бар фильм туралы

  10. Нұрғисадеді:

    Көп көп мандарин, көп көп оливье мен винегрет, аздап манты, сосын футбол… :) ))

    Одан соң “Бір жауапсыз қоңырау” (Один пропущенный звонок), жапон нұсқасы… ЖЖ… :)

  11. Нұрғисадеді:

    АРшат, дұрыс сілтемесі былай шығар: http://www.kino.kz

  12. akzereдеді:

    Рахмет! :-)
    Айтпақшы “Тариф “Новогодний” деген фильм көрдім. Қыздарға ұнау керек, көріңіздер ;-)

  13. Omarbekдеді:

    “Love actually”дың басқа қызық жерлері де бар ғой :)

    “Bridget Jones’s Diary”дың екіншісі шықты ғой.

    кеше ТВдан қырғыздың киносын көргем, ұнады.

Жауап қалдырыңыз