“Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тілменен.
“Жаман үйді қонағы билейді” – деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен,
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен …”
“Бұл дүниедегі зор бақыт – еркіндік екен ғой, кім білген. Адамның бостандықтағы бір күні, қапстағы бар ғұмырдан әлдеқайда қымбат екенін енді білгендеймін…”
Бұл жиырма бір жасар Қайрат Рысқұлбековтың түрмеде жатып жазған өлеңі мен хатынан үзінді.
Тәуелсіздік жолында құрбан болып, ер ұл-қыздарымыз аңсаған ұлы мейрам құтты болсын! Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осыны түсінетін, қадірін білетін қара көздеріміздің саны молая берсін! Ана тілімізді, халқымызды, дінімізді, бірлігімізді, тәуелсіздігімізді қадір тұтайық. Қазағымыздың ұл-қыздары биіктерден көрініп, алға өрлей берейік!

Желтоқсан 15, 2008 at 7:28 тд |
Айтқаныңыз келсін, Ақзере! “Айқын” газетінен “Біз тәуелсіздік үшін күресті тәуелсіздік алған соң бастадық” деген мәндегі мақала оқып едім. Сол сөздің жаны бар сияқты. Тәуелсіздіктің мәнін бүгінгі ұрпақ жете түсінсе, келер ұрпақ қадіріне жете берсін!
Желтоқсан 15, 2008 at 7:57 тд |
аумин!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!
Желтоқсан 15, 2008 at 1:54 тк |
Ademi mysaldarmen keltirgesin. Kutty bolsyn, Tauelsizdik!
Желтоқсан 16, 2008 at 9:08 тд |
Бұл дүниедегі ең зор бақыт – еркіндік!!!
Желтоқсан 17, 2008 at 6:37 тд |
Тәуелсіздікті шын мәнінде сезіне алмай жатырмыз. Әлде, дұрыс сезіндіре алмай жатыр ма?
Желтоқсан 17, 2008 at 8:47 тд |
Әмин, айтқаның келсін!
Желтоқсан 18, 2008 at 1:41 тд |
Сол қанмен келген тәуелсіздіміздің құндылықтары жоғалмасын.
Желтоқсан 18, 2008 at 7:45 тд |
тәуелсіздік құтты болсын!
Желтоқсан 18, 2008 at 10:52 тд |
Мейрамдарыңызбен! Қадіріне жете білейік.
Ақпан 1, 2009 at 11:51 тд |
Сайтыңыз өте жақсы екен. Қазақша шрифтерді оқу маған қиын болуда. Сіздердегі Сайт пайдаланысындағы шрифтті поштама жіберсеніздер. улкен рахмет.