Джентельмендер жайлы 10 жаңсақ пікір

1. Джентельмен ешқашан ақ нәски кимейді.
Ресей буржуазиясында кең таралған бұл қауесет Лондоннан шыққан. Ол жақтағы ерлерге арналған дүкендерде ақ нәскилерге қарағанда сары, қызғылт, көкшіл түсті нәскилер көбірек кездесетінге ұқсайды.

2. Джентельмен болып туылады.
Өзін джентельмен санайтын ер жігіт көбінесе өзін аристократтармен салыстырады (әлбетте аристократтардың ішінде де джентельмендер аз емес). Алайда джентельмен сөзінің түпкі мағынасы “gentle” – “жұмсақ” сөзінен шыққан.
Gentlemen – шыдамдылыққа, әділеттікке, адалдыққа тәрбиеленген адам. Оны солай ата-анасы тәрбиелеуі мүмкін немесе өзін-өзі солай тәрбиелеп алуы да ғажап емес. Ол жақсылық жасауда таянбайды және оны міндетсімейді. Өмірді барынша көркемдетуге барын салады.


3. Англия – джентельмендер мемлекеті.
Статистикаға қарасақ Ұлыбритания қауымының 55 пайызын әйелдер құрайды екен. Соған қарағанда Англия – ханымдар мемлекеті.

4. Джентельмен тағамнан жосықшыл болады.
Бұл миф Британ консулынан виза ала алмаған джентельмендерден туындаса керек. Әлемге джентельмендер сыйлаған ең күрделі дәмхана азығы – shepherd’s pie (“бақташы бәліші” қамырдағы бұқтырма) мен fish and chips – қуырылған картоппен балық. Алайда Лондондағы ең жақсы ресторандарға жарты жыл бұрын жазылады екен. Және бұл жерлердегі аспазшылар тек ағылшындар көрінеді.


5. Джентельмен классикалық костюмдерде талғампаз келеді.
Бұл да жаңсақ пікір. Классикалық костюм – галстук, көйлек, нәски мен бәтіңкені үйлестіре киюге арналып шығарылған. Бұдан джентельмендер бәрі бірдей көрініп, оларды бір-бірінен тек ақылдары мен шешендігі ғана айырып тұратын.

6. Джентельмен көп оқыған.
Джентельмен көп оқыған болуы мүмкін. Сонымен қатар ол көп көрген де болуы мүмкін. Немесе көп үйренген, көп тыңдаған, көпті түсінген және өте сезімтал да болуы мүмкін. Алайда, өмірдің мән мағынасын түсінуге бір ғана жол бар деп білмейді.

7. Джентельмен кетерінде қоштаспайды.
Егер ол кештің соңында өзі жалғыз қалса, әрине. Егер ағылшындарға келетін болсақ, олардың қоштасқаны 4 минуттай уақыт алады. Бұл уақытта ол 11 рет “lovely!”, 14 рет -”fantastic!”, және 7 рет – “see you!” деп қалады.

8. Джентельмен – батырлық пен әдептіліктің білгірі.
Бала суға түсіп жатқанда аяқ асты акула шыға келеді. Кезекші сарбаз суға секіріп, баланы құтқарып, акуланы пышағымен бауыздап жібереді. Жағадағы кәрілеу әйел: “Қалайша акуланы пышақпен соясың, сен джентелмен емессің!” деген айып тағады.
Бұл анекдотты естіген ағылшын-джентельмендері қай жерінде күлуді білмеген екен.

9. Джентельмен спортқа әуес емес.
Бұл әлбетте фантазия. Джентельмен жек көрмек түгіл, спортты өзі ойлап табады. Әлемге крокет (croquet) пен крикетті (cricket) әкелген дәл осы ағылшын джентельмендері. Және бұны айыра да білген. Ал егер Лондоннан Ливерпульге саяхат жасасаңыз, Rugby (Рэгби) деген қалаға назар аударыңыз, дәл осы жер рэгбидің отаны болып саналады.

10. Джентельмен ол әлбетте консерватор.
Бұл да миф. Джентельмен – ол өзі ойы бар, өзінің қалауы бар адам. Консерваторларға дауыс берсе де, басқасына берсе де. Бірақ тыста қарап қалмайтыны сөзсіз.

16 жауаптар “Джентельмендер жайлы 10 жаңсақ пікір” ке

  1. huanyshдеді:

    ақ шұлық кимейди деген қызық екен ) Мына пікірлердің кейбір жерлері қазақ ер-жігіттерінің қағидасына дұрыс келмейтін секілді ?

  2. Нұрғисадеді:

    Оларша джентльмендік бір басқа… Біздегі джентльмендік мәрттігімен, парасаттылығымен дараланса керек. Аталарымыздың апаларымызды чопроный ағылшындарға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қазақи джентльмендігімен ғой өзіне ғашық қылдырғаны. Түйеге секіріп міне алмай жатқан балбдыраған қызға демеу боп, қыпша белінен ұстап “хоооппа” деп мінгізіп жіберу, медрсеңде оқып жүріп ауылға келгенде әкеңмен амандасуға бара жатып, оның “бірінші анаңмен амандас” деуі сол джентльмендік…Әйтпесе, мұрын сіңбірерде қолорамал таба алмай, оған өзіңнің қалтаңдағы қолданылған орамалды ұсыну джентльмендік деп кім айтты……….

  3. akzereдеді:

    Қазақи джентельмендікке үш әйел алған жата ма сонда? :-)

    • Гастадеді:

      Үш әйелді бәрі алмаған ғо, сосын джентельмендер бір әйелге қатып қалған деп кім айтты? Дон Жуан Джентельменнің нағызы болған, бірақ талай қызды бақыртқан, тойыс жылатқан, тойыс ыстық құшағында жұбатқан…деп бір жыл бұрын жазылған жазбаға жауап жазып лағыыыып тұрсаң прикинь я??

  4. 666aiko999деді:

    :)

  5. 666aiko999деді:

    қыпша белінен ұстап “хоооппа” деп мінгізіп жіберу

    ки*ки*ки

  6. ansar08деді:

    //ақ шұлық кимейди деген қызық екен ) Мына пікірлердің кейбір жерлері қазақ ер-жігіттерінің қағидасына дұрыс келмейтін секілді ?//

    Кейбірі емес түгелдей келмейді деуге жақын екен, бірақ барлық қазақ жігіттер үшін емес.

    //Бұл уақытта ол 11 рет “lovely!”, 14 рет -”fantastic!”, және 7 рет – “see you!” деп қалады.//
    Сыры неде болды екен, ә? Ағылшындар өте сыпайы халық қой. Осында джентелмендердің арасында өмір сүрсеңіздер өзіңді қалай сезінеді екенсін? :)

  7. Jan_Ainaдеді:

    Сіздің жазбаңызды оқып отырып “менің досым хас джентельмен екен” (АЛЛАға аян) деген пікір жазуға оқталып отырғам, оқырмандарыңыздың пікірі ұялтып тастады. Расында да, қазақы мәрттік, паңдық, ержігітке жарасар батырлық т.б. қасиеттері бар қазақ жігіттерінің “джентельмендігі” бір төбе.

  8. Aikonaдеді:

    ммм қызық екен…

  9. balgyrganдеді:

    жігіт “әдепті” болса бітті джентельмендер қатарына қоса саламын :)

    қызық ақпар екен :) ))

  10. akzereдеді:

    Қызды қыздай сыйлап, тәрбиелі, өнегелі болғаны жақсы ғой ер-жігіттің. Қазақ жігіттерінің көбіне “Мен, Мен”-деп көкірегін ұра бергені ұнамайды.
    Бәрі емес әрине. Бірақ көптеп кездеседі.

  11. кендебайдеді:

    2-пукт пен ішіндегі жазылғанға келсек. Негізі, бұл жерде түсінбеушілік болып тұрған сияқты. Қазіргі замандағы “джентльмен” ұғымының мағынасы бұрынғы Ангиядағы Викториан заманының “джентльмен” ұғымына қарағанда әлдеқайда кең. Ол заманда джентльмен сөзі тек аристократтарға ғана тән болатын. Себебі ол заманда қара халық оқымаған, сауатсыз, әрі жоғарғы қоғамның манерасынан да мақұрым еді.
    Кейінірек ақсүйектер қатарына жатпайтындар да білім алып, сауатын ашуына және байлық пен дәулетке қол жеткізуіне байланысты, оларға да жоғарғы қоғамға жол ашылды. Олар да джентльмен атанып, әйелдері леди бола алатын болды.
    Уақыт өте-өте джентльмен деген, жоғарыда жазылып кеткендей, “адал, әділетті, мәрт, батыр т.б. адам” болып кеткенін көруге болады :) )

  12. кендебайдеді:

    Ал жалпы айтсам. Жоғарыдағы 10 пункт – бұрынғы замандағы джентльменнің сипаттамасы.

  13. македеді:

    бекзаттық жайлы тәуір әңгімелер болушы еді
    кейігі кезде ол да өз мәнісін жойғандай

  14. Светланадеді:

    Раснда да, қазақтың серілігі / джентельмен дегенге осы сөз өз кезегінде балама шығар/ оның саралығы мен даралығында жатыр емес пе? Қазақтың жігітіне ақ носки түгіл әсем гүлдермен әдіптелген ала шұлық кигізіп қойсаң да, намысы мен жігері болса, шұлығы оның тасасында қалады. Яғни, бұл критерийлер қазақ қоғамында актуальді емес деп ойлаймын.

  15. Гастадеді:

    Ентелегендерге де қатысы бар деп қойыңдаршы..а то

Жауап қалдырыңыз