Жұмысқа бара жатқанда және үйге қайтар жолда әрдайым наушникпен жүремін. Бұл менің бір осал жерім шығар. Көңіл күйіме байланысты кейде радио толқынын, кейде өзімнің ұялы телефоныма жинақталған әндерді тыңдаймын.
Наушниктің бір жақсы жері көлік тығынан, адамдардың көптігінен біраз да болсын ойыңды бөледі.Вконтактіде осындай наушникпен жүріп серуендейтін жандарға арналған топ бар. Сол жерде адамдардың осындай сәттерде не ойлайтынын сұраған екен. Әр түрлі ойлар, қиялдар, армандар… Біреусі “Өмір жайлы ойлай берсең, оның мәнсіз екенін түсініп қоясың, сондықтан жәй арманда” – дегенді айтады. Осындай пікірталастардан кейін өзімнің наушникпен жүргенде не ойлайтынымды ойландым.
… Өмірдің мәні мен сәтсіздік, мұңға толы шақтарымды ойлаймын. Сонымен қатар көп армандаймын… Дәл ана “Менің атым Қожа” фильміндегі Қожаның космонавт болып, бәрі оны мақтайтыны сияқты мені осындай армандар қаулап алады.
Мен арманшыл адам екенімді ешкімнен жасырғым келмейді. Арманшылмын, ғажайыпқа сенемін.
Шындап қарасақ арман болмаса онда өмірдің мәні не? Бір таңды екінші таңға жалғап, не үшін өмір сүреміз? Бізді не жетелейді? Әлбетте армандар емес пе?
Арманшыл болудан неге жасқанамыз? Арманшыл болмасақ өмірдің сәні не сонда?

Қараша 18, 2008 at 7:05 тд |
дұрыс айтасыз, бәріміздің ішімізде бір-бір Қожа жатр. Тіптен бұл бүкіл бала біткеннің бейнесі деп жатса мен оған мына сөзді қосып қояр едім, бүкіл адамзаттың бейнесі деп. Шын ғой!!! тап осыдан 10 жыл бұрын ойлаған арманды әлі тастаған емеспін.
көшеде тарспорта, жай қалаға қарап келе жатсаң ішің пысып, уақыт өтпей, жол ұзақ болып т.б. болып кетеді, ал алға ұмтылудағы мақсаттары бір шолып шықсаң келер жеріңе де жетіп қалғаныңды білмей қаласың
Қараша 18, 2008 at 7:08 тд |
Наушникпен көшеде жүре алмаймын, машинадан қорқатын болғасын шығар.
Қараша 18, 2008 at 7:50 тд |
Мен көлікте отырғанда, наушник кимей-ақ, алысқа, түүу-түүу алысқа шарықтап кетем
)). Армандамаған, романтикаға бой алдырмаған сәтте жаным жабырқап қалады. Рас, армансыз адам – қанатсыз құспен тең деген ғой, біздің арманымыз алға жетелейтін әлдебір күш сияқты
Қараша 18, 2008 at 8:50 тд |
//Мен арманшыл адам екенімді ешкімнен жасырғым келмейді. Арманшылмын, ғажайыпқа сенемін.//
Muzyka armanynyzga kanat beretindei bolady, sol raspa?
Қараша 18, 2008 at 8:54 тд |
Аңсар, рас…
Қараша 18, 2008 at 9:00 тд |
Көбіне бүгін істеген істеріме есеп беріп, ертеңімді бір ретті ғып жоспарлап қоям. Онда да көңіл-күйіме байланысты. Көбіне ойлап, армандап кетем. Өлең сөздеріне көп мән беруге тырысам. Сондықтан да көбіне қазақша не орысша ғана тыңдаймын. Кейде түсетін аялдамамды өткізіп алатын кездерімде болад.
Қараша 18, 2008 at 9:11 тд |
Айкона, ия ондай да болады.
Ал кейбір ағылшынша өлеңдерді жұмысқа келіп, аудармасын тауып, түсініп тыңдауға тырысамын.
Кейде сөздерін дұрыс айту үшін текстеріне қарап іштей ыңылдап айтып отырамын.
Бір жағынан рухани дамуға да септігін тигізетіні тағы рас
Қараша 18, 2008 at 9:16 тд |
менде наушник жоқ … бірақ, автобуста, анда-мында, жалғыз қалғанда не туралы ойлаймын деген сұрақ маған өте қызық… Армандап, қиялдап, жерден алыс кетіп қаламын ба деп қорқатын шығармын …
Қараша 18, 2008 at 1:29 тк |
Армандау жақсы. Армандауға қорқатын да адамдар болады. Үлкен нәрсе армандау керек.
Үлкен адам болам десең ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға (М.Шаханов) осы бір сөздері ұнайды. Мәселе үлкен бастық, яки есімің жұрт аузында жүретін үлкен адам болу емес. Аллаһ Тағаланың құлы – адам бола білуде деп түсінемін.
Кейде өмірде орындалатын армандар болады. Мәселен, Назарбаевпен кездесу, Нью Йоркқа барсам т.с.с. Солт армандар жүзеге асқан соң тосылып қаласың. Армандар орындалмай, жеткізбеуімен жақсы. Себебі ол мақсат… Бірақ армандау мен қиялдауды екі бөліп қарастырамын.
Қараша 21, 2008 at 9:40 тд |
мен де қазір құлаққаппен жүремін
мп3 плэйер тыңдаймын
неге екені телефондағы музыканы тыңдай алмайиын, бірден басым ауырады.
Қазір сол көбіне ждапонша одан кәрісше қыташа індер жазып алғанмын, сосын жапон кәріс сериалдарынан жәй мелодиялар.
Автобусқа отырғанда қасынжаа көп адамдар бар екенжігінен біраз назарды аударуға мүмкіндік береді. ал жұмыстан қайтрада отырамын да жеңіл музыканы қосамын да ұйқтап барам үйге қайтқанша:)
Қараша 21, 2008 at 11:11 тд |
nauwnikpen juru magan ingaisiz
)) tek avtobusta otirganda gana tindaimn
Шілде 17, 2009 at 8:35 тд |
Музыка тыңдаған адамның өмірге деген көзқарасын, көңіл – күйін өзгертеді. Қазіргі кезде қазақша, мағыгады өлеңдерді, айтылған өсиеттерді тыңдағанды ұнатамын. Наушникпен жүру кейде ерсі көрінетін жерлер де болады. Жалғыз қалғанымда болмаса, көпшілік жерде наушникпен музыка тыңдай алмаймын.
Шілде 18, 2009 at 4:44 тд |
Кейде ойым жан-жакка кетiп, уйкым кашканда мен кобiне наушникпен уйыктаймын. Сонда барлыгын умытып, басқа алемге енiп кеткендей боласың…
Тамыз 5, 2009 at 2:10 тк |
Армансыз адам болмайды,негізгі адам армандай білу керек,алдына ұлы армандар койған адам жаман болмайды,