Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көзің жетпей көңіл берме!
* * *
Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр,
Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр!
Жар көңіліне бір жанын пида қылып,
Білместігің бар болса қылар сабыр.
* * *
Шу дегенде көрінер сұлу артық
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық.
Бетім барда бетіме кім шыдар деп
Кімі паңдау келеді кімі тантық.
Ақыл керек, іс керкек мінез керек
Ер ұялмас іс қылар қатын керек.
Салақ, олақ, ойнасшы, керім, кербез
Жыртаң тыртаң қызылдан шығады ерек.
* * *
Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,
Қоржаң, суық келеді кей сасық ми.
Ер ақылды, қатыны мінезді боп
Тату болса райыс, рахат үстіндегі үй.
* * *
Жоқ болса қатыныңның жат өсегі,
Болмаса мінезінің еш кесегі,
Майысқан, бейне гүлдей толықсыған
Кем емес алтын тақтан жар төсегі.
* * *
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.
Keremet eken!
өте жақсы сөздер..:))) бір екеуін жаттап алдым..:) рахмет…
Жльадъм…
керемет сөздер. сізде кереметсіз осыларды жыйыстырып бізге жария еткен!(басбармақтышығарыптұрған смайк)
Зере сіздің блогыныздагы ангімелер неге копия істелінбейді?
жаксы жазасыз,рахмет!
Бұрын Абай деген ақындарыңыздан оқыған сияқтымын…
Абайдан артық ақын жоқ
міне олен керемет
жаксы айтылган бирак сал дорекилеу
Жаксы жазган бирак Абай мен Мукагалига жетпейди
әдемі екен)))))))))):))))))))))))))
men odanda jaksi jazam drujba tasta birak…