Бардым, көрдім, жеңдім!!!

Кеше ең сүйікті тобымның – “МузАрттың” жеке концертін көріп қайттым. Керемет топ, тірі дауыс, музыка, әсем әндер… эхх… алып қайтқан эмоциямды Айконыкіндей әттең жеткізе алмаймын.
Шынымды айтсам, осы топтың арқасында қазақ эстрадасынан күдерімді үзбей келемін. Менің ойымша концерт шетел әншілерінің концерттерінен асып түспесе кем түскен жоқ. Сағындырып берген концерт толықтай үздік деген бағада өтті.

Жігіттердің орындауындағы “Не деген көркем едің”, “Қайран көңіл”, “Кел, жаным”, “Сағындым Алматымды”, “Жүрегім”, “Махаббат гүлі солмайды”, “Есіңе ал”, т.б. әндерінің сөздерін жатқа білетіндіктен олармен қосыла айтамын деп сәл тамағым ауырып, эмоциядан басым да ауырып кетті. Бірақ бұл шаттықтан, қуаныштан болған жақсы сезімдер.

Сюрприз ретінде арасында Мейрамбек домбырада, ал Сәкен дауылпазда отырып, инструменталдың сүйемелдеуімен күй шертті, Мейрамбектің орындауында терме де айтылды. Жалпы концерт “Көрген де – арманда, көрмеген де – арманда” лебімен өтті. Осы концертті көргенімнен, алған әсерімнен өте бақытты сезінудемін… :-)

15 жауаптар “Бардым, көрдім, жеңдім!!!” ке

  1. Айкодеді:

    эх шіркін оларға деген махаббат өзге ғой, қайта сіз тілмен жеткізе алыпсыз жазып, мен олай да ете алмай қалушы едім. Так как тек эмоция ғана қалып.
    олардың бәрлық әнін тыңдасам болды есімнен тана жаздаймын ғой.

    Пы.Сы. Менен ТОПқа(Мейрамбекке) сәлем айта салдыңыз ба?

  2. akzereдеді:

    Ой Айко жиылған жұрттың бәрі Мейрамбекті мадақтап, аяғында бата да берді. Аман болсын деп бәріміз “Әумин” айттық.

  3. bakytnurдеді:

    Zhaksy bolgan eken! Meirambek jazylyp pa?

  4. akzereдеді:

    Ия, жазылған ұқсайды. Әйтеуір, 2 сағат бойы тірі дауыспен, еш қиындықсыз айтып шықты. Айтпақшы концерт бүгін де болады. Жалпы айтқанда жағдайы жаман емес сияқты Құдайға шүкір!

  5. Айкодеді:

    3 күн қатарынан тірі дауыспен 2-3 сағаттан өлең айтып жатса…
    онда қырқып атр екен дачы

    Эх Мейрамбек, крышам кетіп еді кезінде саған…

  6. ruslannnnдеді:

    Эххх, Сәкен, кезінде крыш… Ммм, ия, дұрыс… Жақсы топ, жақсы өлеңдер айтады, ия…

  7. Сымбатдеді:

    :lol: Осы ойлансам Алматыда жyрiп Азия дауысынан баска бiр денi дурыс концертке бармаппын :oops:

  8. Тотыдеді:

    Иә, бұл концертті көргенде арманда, көрмегенде арманда демекші, сол арманда жатқан жайымыз бар. Біздің қалаға да келіп берер концерттерін. Айтпақшы, менің сұрайын дегенім, бұл Мейрамбектің соңғы концерті, сахнамен қоштасады екен деп жұрт шуласты ғой, ол туралы концертте ештеңе айтылмады ма? Кетіп жатса, өте өкінішті болар еді.

  9. akzereдеді:

    Жоқ, ештеме айтылмады. Мейрамбек те денсаулығы туралы, немесе өзі туралы ләм-мим демеди. Тек авторлар мен орындалатын әндердің ретін жариялап тұрғаны болмаса. Жалпы, денсаулығының жақсы екенін, әлі де саханада жүретіні жайлы газет-журналдарда бірнеше рез айтылды ғой, қайта-қайталап айта беруден жалыққан шығар…

  10. karakyzдеді:

    Мейрамбектің орындайтын “Қиылып қарайтыным” деген әні керемет! айналдырып тыңдай берем, тыңдай берем:). Суреттен танымай қалдым өзін, басқа біреу келіп қосылған ба деп…

  11. baurdotnetдеді:

    Анау тұрған Мейрамбек па?

  12. arsenal777деді:

    ия, өзгеріп кетіпті

  13. Konil Asharдеді:

    ой атпа біз 5 үн қалғанад билет іздегенде таба алмадық қой, сол үшін 12сіне де беріпті ғой қосымша қылып халықтың сұранысы болғасын. бір аптабұрын билет болмай қалу деген айтпесе болмайтын жәйт кой.

  14. Данадеді:

    катты озгерген, осы болган коштасу концертма?

  15. Мейрамхандеді:

    Мейрамбектей жігіт, бір туар азамат, десем артык айтпаймын. Дауысы керемт кой. Мен алгаш коргенде тан калдым, соншалыкты адам да озгереді екен-ау деп. Айтеуір бір жері уксайды Мейрамбекке…кандай окінішті. Бірак алі жас кой, ылайым аман болсын, коптін калауы гой, тек бір АЛЛА жар болсын Мейрамбекке!

Жауап қалдырыңыз