60 секундта біліңіз
Ең қымбат деликатес?
Бұл - құртпа балықтың ақ уылдырығы. Оны 100 жыл жасаған балықтан алады. Неғұрлым балықтың жасы үлкен болса, соғұрлым уылдырықтың дәмі тәтті болады деп саналады. Бұл қымбат тағамның бөлшектеп өлшеуімен әлемде бір ғана ирандық House Almas фирмасы айналысады. Деликатес 998 сынамалы алтыннан жасалған банкада сатылады. Бір киллограммға бағасы 23 000$ тұрады екен.
Әлемдегі ең “сусыз” мемлекет?
Таяу шығыста, дәлірек айтсақ, Сауд Арабиясы. Бұл елде мұнай көп болғанымен, бір де бір өзен жоқ.
Қай жерде қар фантастика болып саналады?
Сахара шөлінде. Бұл жерге қар бір-ақ рет - 1979 жылдың 18 ақпанында ғана жауған.
Әлемдегі ең танымал кітап?
Қалай айтқанда да ең танымал болып Гиннес рекордтар кітабы есептеледі. Бұл кітап кітапханаларда ең көп оқылатындардың бірі болып саналады екен. Одан кейін Толкиеннің “Властелин колец” кітабы болса, жүлделі үшінші орын - Пауло Коэльоның “Алхимигінде”.
Адамның өмір бойы өсуін тоқтатпайтын дене мүшесі бар ма?
Антропологтардың зерттеуінше адам ағзасы 25 жасқа дейін толық жетіліп бітеді. Тек қана мұрын физикалық өлімге дейін жайлап өсе береді екен.

Сәуір 25, 2008 at 7:00 тд
81 секундтай оқыппын… Тақырып атауын өзгертуге мәжбүр болатын шығарсыз
Сәуір 25, 2008 at 7:07 тд
Okyp kele jatyp suretke kelgende turyp kaldym
Сәуір 25, 2008 at 9:11 тд
Ерлан да суретке қарап тұрып қалып, 81 секунд деп санаған шығар…
Сәуір 25, 2008 at 10:30 тд
Алхимикті 3 орында тұр дейсіз бе? бұл дерек өтірік шығар ә? пірәстә дейм да. ауылға мысалы ондай кітап түскен жоқ, оқымақ түгілі. Сосын ауылда мықты оқитын Неше жыл пресідәтіл болған атачка да оқыған жоқ. Яғни нетолау дерек.
Кітапта тұрған ештеме жоқ. Крышам кеткен кітаптың бірі ғой. Проста өздерінше болмай-ақ қойснч млин…
“Тек қана мұрын физикалық өлімге дейін жайлап өсе береді екен.”

Хи-хи-хи шегім-ай. мына дерегіңіз мені жатқызып салды. Орнымнан тұра алмай қалдым
Менің мұрным дәудің қатарына енеді. Сондай деймін-ау. Өлгенше өссе өлген жерім осы екен
Әлі күліп атрм, хотя мұрным 25 кг. болатынына жылаудың орнына.
Сондай керемет екен шын айтам. қаламыңызға нұр бітсін!
Сәуір 25, 2008 at 11:37 тд
еххх, жақын болашақта Сахарадағы қар фантастика болмай қалатын шығар
Сәуір 25, 2008 at 7:16 тк
Ең көп оқылған кітап пен ең танымал кітаптың арасында айырма бар деп ойлаймын. Менің түсігімде ең көп оқылған, әрі оқылатын кітап Құран болуы тиіс.
Сәуір 25, 2008 at 8:04 тк
Алхимик әдемі пәлсафалық ертегі, дегенмен де, көп оқылатын кітаптарды бестселлермен шынымен де шатастыруға болмайды.
қызықты деректер.
Сәуір 27, 2008 at 9:36 тд
Құлақ та өседі деп оқығанмын. Дункан Маклауд ұйықтағанда бір құлағын астына төсеп, екінші құлағын жамылып жатады екен.
Сәуір 28, 2008 at 3:32 тд
Бұл жерде статистика бүкіл әлем бойынша алынған. 15 млн. қазақстандықтардан басқа да әлемде 6 млрд.-қа жуық адам барын ұмытпайық.
Сәуір 28, 2008 at 6:09 тд
Өсу процессі тоқтаған соң, өз пішімін өмір бойына сақтап қалатын құлақ пен тіс деп оқыған едім.
Сәуір 28, 2008 at 6:50 тд
чепачем бов кетті? қойындарч бәрін өсіріп жібердіңдер ғой. Ана постқа(Русланнн жазған) ішім аурып кетті. Дереу мамкаға ызванить етіп мам сенің баурының құлағы дәу аһа. Мына яқта елдер өсед деп атр. деп “нетіп”
алдым. Жаман екен. Жоқтан өзгеге қорқа беретін
Ақзере сурет жынды екен дачы. “Қарай бергің келеді, қарай бергің”
Сәуір 28, 2008 at 11:04 тд
Ер азаматтардың бұлшық еттері 25 жастан кейін өспейма екен сонда а?
Мамыр 4, 2008 at 11:05 тк
Зере қыз! Қызық мәліметтер. Мен өзім ең-ең деген тақырыптарды жастайымнан жақсы көремін. Мысалы: Ең биік шың, ең терең шұңғыма дегендей…
Тағы жаза жатарсың.