Қар жапалақтап жауып жатқанда құрбым “Далада сондай романтика” – дейді… Адамдардың мұндай ауа-райында романтика көріп тұрғаны, әрине, қуантады.
Ал өзім суық офистің ішінде мұздай болып қалған саусақтарыммен блогыма жазу жазып жатырмын. Сірә, бүгін мұндай қар жауатынын білмеппін, әйтпесе қалыңырақ киініп шығар едім.
Кофе ішіп, біраз жылына тұрайын. Мендегі офистік шкафта барлық зат бар деп мақтанушы едім, бүгін наски неге жоқ екен деп қайғырып отырмын… Аяқтарым да тоңып кетті…
Осындай күні жылы көрпенің астында теледидар көріп жатқандардың арманы жоқ шығар.
Жұмысқа кірісейін… Бүгін жұмыс өте көп

Сәуір 17, 2008 at 6:23 тд |
Almatyda kar jauyp jatyr ma?
Сәуір 17, 2008 at 7:40 тд |
Сенің ойыңа қосыламын Akzere..:)) Мен де қазір үйде жатар едім..көрпенің астында..Мен де блогыма бір сурет іліп қойдым..:) Тақырыпқа сай…
Біздің офис жылы әйтеуір..Кешке Керекшілермен кездесетін едік..Қар жауғаны үшін, басқа бір күнге алсақ па екен деп ойланып отырмын..:)
Сәуір 17, 2008 at 7:53 тд |
“Сәуір болмай тәуір болмайды” – деген сөздің де ескіретн кезі келді.
http://baurweblog.files.wordpress.com/2008/04/p1040608.jpg
Сәуір 17, 2008 at 8:39 тд |
иә, Ақзере бәріміздің мұңымыз бір екен. Бізде дәл қыстағыдай аяз, қалың қар. Бірақ мен жылы уйде, жылы жерде отырмын…..бірақ көрпенің астында емес)))))))
Сәуір 17, 2008 at 9:22 тд |
Алматыдығы қар 17.04.08 12-30
http://baurdotnet.files.wordpress.com/2008/04/p1040608_.jpg
Сәуір 17, 2008 at 9:28 тд |
Мына суретіңіз бүгін түсірілді ме? Алматы жап-жасыл болып кетіпті-ау. Оңтүстікте де бүгінгідей ауа-райы орнап тұр деп ойламаппын.
Сәуір 18, 2008 at 10:35 тд |
Ақзере, Қазақтың сәуір айында келетін “бес қонақ” деген ырымын білесіз бе? Бұл яғни сәуірдің 13-ші жұлдызында кіріп, 18-інде шығады. Осы кундері 5 кун суық, жел, қар, жаңбыр жаууы мүмкін немесе 5 күн табиғат ашық-жарық, күншуақ, жайлы, жылы болуы мүмкін! Сондай-ақ араласып бір күн қар, келесі күні жаңбыр, одан кейінгі күні жаймашуақ тағы сол сияқты болып 5 күн бойы ауа-райы құбылып тұрады. Бұл келген суық сол “бес қонақ” Бугін соңғы күні. Ертең жылынып кетеді. Халқымызда ” Бес қонақ келмей, жаз болмас” , немесе “Сәуір болмай-тәуір болмайды” деген сөз осыны білдірсе керек!
Сәуір 18, 2008 at 10:59 тд |
Енді біліп жүретін боламын, рахмет!