Виртуалды танысу азабы
Күні бойы м-агентте отырғаннан кейін авторизация сұрап кіретіндер көп. Кейде қосарын қосып алып, біраз жөн сұрасқаннан кейін әңгіме жүрмей қалатыны бар. Адам тіптен саған қызықсыз болып, тартпай тұрады. Онымен қоймай сені де әңгімеге тартпайды. Одан кейін келесі күні бір амандасасың, үшінші күні – бір. Сөйтіп кейін тіпті амандасу да қалады. Жалпы айтқанда агенттегі тізімді толықтырып тұрғаннан басқа ешқандай қайыры жоқ.
Негізі осы адамдарға таң қаламын, егер айтатын әңгімесі болмаса, адамды пікірталасқа шақыра алмаса не үшін авторизация сұрайды? Әлде мен оны қосқанда, жапа-тармағай бас салып, әңгімені суылдатып, кездесуге шақырып, ғашық болып қаламын деп ойлай ма?
Содан кейін осы Мой мир деген де дос жинау базасы бар. Сондағы кейбір адамдардың күніне бәлембай адаммен танысып тізімінде 500 немес одан да көп адам жинап алып отыратындарға таң қаламын. Олармен не әңгіме айтады? Қайсы біріне қайталап, ана жерде жұмыс істеймін, мынадай қызуғышылығым бар деп айта береді? Жалықпай ма екен? Бірақ әр адам негізі әртүрлі ғой.
М-агент пен Мой мирды ашып бүгін тазарту жасайын дедім. Тізімді ашып тышқанның оң жағын басып тұрып “Игнорировать” дегенді таңдаудың өзі де бір азап. Бір қарасаң ештеме емес. Бірақ адамның көңіліне тиіп қалар ма екен деп те тағы ойланасың.
Ал Мой мирден өшіру, тіптен қиынның-қиыны. Айтар әңгімең болмаса тізімімді толықтырып тұрғаныңды ұнатпаймын деп жазып жіберейін дейсің. Алайда оңай емес нәрсе екен. Көңілшек болғаным ба, әлде тұйық адаммын ба, өзім түсіне алар емеспін…

Сәуір 8, 2008 at 5:57 тд
Шынымен де, осы Майл.рудың бітпейтін жыры… Менде де сол әңгіме
Менде шамамен 200 дей контакт бар…. Бірақ көп дегенде соның 10 шақтысын ғана жақсы танып, жақсы сөйлесем. Мой Мир дегенді мүлде өшіріп тастағам
Маған соның ұнамайтын жері, күнде бір өсекшілер сияқты, ана досыңыз бүйтті, анау сүйтті деп хат келеді де тұрады
Адамның қанын қайнатады екен!!! ;))) Жалпы, жақсы тақырып 
Сәуір 8, 2008 at 9:44 тд
қиын болды де…
Сәуір 8, 2008 at 10:04 тд
Шынымен де керексіз дерекетрі жинап алсаң, кейін көп уақытыңды алады. Сол Мой мир мен көп уақытым босақ кететінін аңғарып жүрмін. Интернеттегі әлеуметтік желілердің шынымен де уақытыңды білдіртпей ұрлайтыны жаман.
Сәуір 8, 2008 at 10:38 тд
Негізі сол Мой мирде жақын адамдарымды, достарымды жинап қоюға ашқанмын, бір жағынан ұнайды. Айдаладан дос болайық деп көбісі сұранады. Ал қостым, жарайды. Ары қарай болды, не а-сы жоқ,не б-сы жоқ. Сірә, өзінің тізімінің қатарында жүргенді қалайды ғой деймін. Саны көп, сапасы жоқ оны қайтпек?
Сәуір 8, 2008 at 12:04 тк
osynyn bari mumkin uakyt otkizu ushin shygar.
Сәуір 8, 2008 at 8:08 тк
Ақзере, жарайсың. Бұл өте-мөте өзекті тақырып!!! Мой мир деген бәле де, м-агент те қажеті жоқ, сапасыз, ешқандай мәні жоқ нәрселер. М-агентте жүретін адамдардың 80 пайызы жалыққандықтан отыра баретінің түсіндім, қазір оған кірмеймін. Авторизациясы ыңғайсыз, агенттің қызмет көрсетуі де өте төмен деңгейде. Одан да, вконтакте.ру фэйсбуктың клоны болса да, сонда тіркелген жақсы. Досынды тауып алсаң джаберге шақыр да, тыныш сөйлесе бер. Ал мэйлрудың қызметтеріне үзілді-кесілді қарсымын.
Сәуір 9, 2008 at 5:10 тд
агент жақсы, тек системчиктердің өшріп кететіні болмаса :(.
небір таныстар таптым. кейде кездесіп, ойымыз келіспей қалған кездер де болып жатады.
Бірақ жаманы сол ар жағындағы адамның кім екенін білмей дал болатының, бірде отырғам онлайнда. Бір жас бала қосчы деген соң қостым. Көп сөйлейстік. Ол өте ақылды, білімдар, көреген т.б. керемет жақтары көбейе түсті, ол өзін іздеттіріп қойды. Сөз арасында ол мені, мен оны танығандай болғам сөйтсем қателесіппін…
Біздер ровна 6 ай дегенде дауыс есту процессіне өттік. Міне сонда білдім кім екенін. Ма-ма, ма-ма дейсің. Очм мен жарты жыл сөйлесіп келген адаммым 50 асқан адам
данныйларында менімен жасты бала. Бізарға дейін өз-өзіме келе алмай қалдым.
Сәуір 9, 2008 at 5:19 тд
Ма-ма…
Сәуір 9, 2008 at 12:32 тк
))))Айко, білімдар, көрегендігі содан шығар. агентте таныспау керек “обчм”
Сәуір 10, 2008 at 7:18 тд
oi Aiko:))))
qatyrasyn sende
kop uayqt alatyn nars enegizi. biraq moi mirdi ashtym, jaqyn dostarymdy tabaiyn dep a tak buryndary adeii ashpai jur edim, spamy kop
Vot vot zere mende de sonai bolgan buryn, avtorizacoa surtaidy sosyn ne aitar angiemsi de joq, onda nesine qosady eken??
Сәуір 10, 2008 at 10:34 тд
негзі жақсы жақтары да бар, бәрін бір жақты қарамау керек қой. өткен күзде бір баламен дос ретінде арласып, басында өзі сөз бергендей болып еді. жоқ деп жай арласып жүріп-жүріп, тура кетер кезде қимай қалдым, мүмкін бауыр басып қалғандық болар. әліде хат жазып тұрады. енді қой алысқа кетпей деп басып қойдым. кетер кезде Чика деп жылап әкеш “за күйік” деп 200грамдық пиуа(қаламасамда) тартып алдым

серенада ойланып, сосын ол күледі. чета маған ғашық бов қалдың ба деп, ой айтпа, крышам кетіп қалды. базар жоқ бала екеніңді киін білдім деп мен шын керек іштей қимай. Ол өте сүйкімді бала етін. Ой талай қызық бов тұрад негізі, бұл да бір өмір, вертуально болғанның сонсы жақсы сырттай/іштей адамның кім екенін білмейсің. Әлжуаз, очкарик, романтиканы ойлап жүре бересің.
Сәуір 10, 2008 at 10:36 тд
кейде керек болады. Сол үшін ғана тұр менде Агент.
Мой мир дегені де сол. Бірақ кейде ойланасың… Саяндікі де дұрыс шығар деп. Ру-ға кірмей-ақ қойсам ба деп дегендей :))
Сәуір 10, 2008 at 10:51 тд
Арсенал777 очм сен айтқан дұрыс бірақ тек махаббат емес қой мұнда басқа тағдырлар басқа әлем жатыр ғой. өз басым қатты мән берем. Мысалы, маған ешкім бала ретінде қызық емес, дос ретінде адам ретінде қызық. Әбден мезі болғам суретің әдемі екен, крышам кетіп қалды, кездесіп нетейік деген сияқты іш ауыртар сөздер. Бірақ сүйкімді бала болса неге жақын таныспасқа?! оның да бір дүйттегені бар шығар бірақ… Ә мейлі, онда бізде жай қабылдап жүре берейік. Бізде жаз бойы жұмыс жоқ. жұмысқа келіп ішің пысады. не істейсің, сондай кезде агентпен кештің қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Лафа өмір дачы. Өзім психологиясын білуге көп тырсам, көбіне кейбір штрумға тырп етпейтін адамдар болады. Кейде приколистер болады. ондай кезде. екі көзім білеудей болып ісіп кетеді күле-күле. ал маған керек уақыт өткізу үшін, күні бойы төрт қабырғаға қарап жынданып кетпеймін бе? от-от-от сондай кезде, өзім мені қосшы деп сұрап алып, ойнап отырам, көбіне шымкенттік бір баламен шашки ойнаймын. қалай екен деп таңым бар, бұрым реалда жынды ойнаушы едім шашки, агенттен жеңіліп қала берем. Әр жеңілгеніме, бір жерімді көрсетем яғни құлақ, мұрын, шеке, тіс қолым деп белгілеп қойғам, жеңіліп жеңіліп көзді көрсетер кезде…(нағыз керек) жерге келген кезде достан шығып кеттім. қазір агент жоқ қосса тағы ойын ойнаймыз
Мои мирдан таба алмай қалған кластастар, жумыстастар, гурпаласттар жынды проект дачы. маған ұнады.
Сәуір 10, 2008 at 2:43 тк
Айко, ондай болса, сөз жоқ. уақыт өткізуге арналған нәрсе ретінде ғана қарасаңыз. жұмысыңыз күшті екен:))))
Сәуір 11, 2008 at 6:47 тд
Жоқ, шынымен кейде күшті адамдар жолығады. Сол адаммен сөйлесу деген бір ғанибет болатын кездер де болады. Бірақ авторизация сұрап тұрған дәл сондай адам екенін қайдан білесің. Сосын құр жинаап алып отырғаның…
Сәуір 13, 2008 at 6:13 тк
Игнорда бір-екі адам жүр, қалғандарымен де сөйлесіп жатқаным шамалы
Кейбіреулермен сөйлескенде сөзіміз тым жақсы жарасып отырады, кейбіреулерге не айтарыңды білмейсің, сосын отырғаным өстіп, біреулердің контакт-листіндегі адам санын толтырып )))
Айтпақшы, мой мирдан біраз кластасымды таптым. Бір-екі сөйлескеннен кейін олармен де сирек сөйлесе бастайсың. Одан да бір-бірімізді тіптен көрмей барып, біраз жылдан кейін көрген жақсы ма деп қалдым )))
Сәуір 13, 2008 at 9:29 тк
Мой мирден ескi таныстарымды таппасам, жана дос iздемедiм. Бiр кызыгы осы такырыпты окымай турып бiр-екi “керек емес” баска елдiн окiлдерiн ошiрiп тастагам. Олардын алдында не ушiн ошiргенiме есеп беруге мiндеттi емеспiн. Достар тiзiмiмде бiр аттас, бiр фамилиялас кыз бар. Олар журе берсiн танымасам да….
Сәуір 15, 2008 at 9:22 тд
YA arasynd paidasy da bar. Jap-jaqsy angimelestin adam bolsa jaqsy goi..
Сәуір 17, 2008 at 3:16 тд
Агент рудың қызмет бабында көмегі бар, әр кабинетте отырып сұрай бересің. Ал танысу жағына келсем, авторизация сұрағандардың бәрін қоса бермеймін. Менің агент парағымда 16 адам бар, оның алтауымен өте жақсы сөйлесемін. Кейбірі уақыттары тығыз агентке сирек қосылатындар, ал кейбірі привет, как деладан басқаны айтпай тоқтап қалады қосылған соң.
Сәуір 19, 2008 at 12:50 тк
Хаха, расымен де авторизация сурап, к1с1 санын толтыратындар тек мен де ме десем, сосын Кер1м айткандай, привет покадан аспайтындар да тек мен1н профайлымда деп ойлап журсем, бар1м1зге ортак “проблема” екен гой
Кунде ап дегеннен компын ашкан бетте агент1н жалма-жан косып ынтыккан жандарды кор1п журм1з…Таныскан адамын да б1р1нш1 “агент1н бар ма?” деп сурап, “жок” деп жауап берсен, кад1мг1дей мунаяды гой баска байланыс куралы курып калгандай…
Очм, керек зат емес!