Sorry seems to be the hardest word What have I got to do to make you love me What have I got to do to make you care What do I do when lightning strikes me And I wake to find that you’re not there What do I do to make you want me What have I got to do to be heard What do I say when it’s all over And sorry seems to be the hardest word Chorus: It’s sad, so sad It’s a sad, sad situation And it’s getting more and more absurd It’s sad, so sad Why can’t we talk it over Oh it seems to me That sorry seems to be the hardest word
Әйгілі “Sorry Seems to Be the Hardest Word” әні Элтон Джон (Elton John) мен Берни Таупиннің (Bernie Taupin) бірлескен туындысы. Алғаш рет бұл ән Эльтон Джонның орындауында 1976 жылы шыққан. Бұл оның Rocket Records студиясында жазылған екінші синглі болатын. Ән - жауапсыз махаббат жайында мұңды баллада. Сонымен қатар бұл әнде ерекше лирика Элтон Джонның қосқан үлесінде болып отыр. Көбіне Джон-Таупин шығармашылығы Таупиннің лирикасымен басталып жатса, бұл жерде керісінше Элтон Джон лирикалық музыкасы мен сөздерін өзі жазып, Таупин тек аяқтап берген екен. Келесі жылда бұл ән Greatest Hits Volume II-де (әйгілі өлеңдер жинағы) пайда болады, алайда авторлық құқық бойынша енді жариялануға шектеу болғанымен бұл ән 1976-1986 суперхиттерінде, және 1970-2002 жылдар аралығында шыққан суперхиттерде де, сонымен қатар басқа да жинақтарда да жарияланады. Бастапқыда әнді R&B әншісі Mary J Blige өңдеп, орындап шыққан екен. Кейін Joe Cocker –дің де еңбектерінің қатарынан табылып, “Joe Cocker’s Greatest Hits” жинағында да жарық көрген. Ал 2002 жылы Blue тобы Элтон Джонның көмегімен әнді қайта өңдеп жазады, Элтон Джонның қатысуымен видеоклип те түсіреді. Сонымен қатар 2004 жылы Элтон Джон бұл әнді атақты Рэй Чарльзбен де орындаған. 2006 жылы ән Клэй Айкенмен (Clay Aiken) өңделіп оның “A Thousand Different Ways” атты жинағында шыққан. Ән Британия және АҚШ-тың 20 үздік әндер қатарына кіреді. Британияда #11 сатыда болса АҚШ-та #6 орында. Ал 2007 жылы United World Chart-та әннің түпнұсқасы #4 орынға ие болған екен. Элтон Джонның төңірегіндегі алып-қашпа әңгімелерге қарамастан осы әнді жазып шығарғаны үшін өте қатты сыйлаймын. Дегенмен де бұл әнге жаңаша стиль берген Blue тобы деп ойлаймын. Сіздер де менің ойыммен қосыласыздар деген үміттемін.
Ең қымбат деликатес?
Бұл - құртпа балықтың ақ уылдырығы. Оны 100 жыл жасаған балықтан алады. Неғұрлым балықтың жасы үлкен болса, соғұрлым уылдырықтың дәмі тәтті болады деп саналады. Бұл қымбат тағамның бөлшектеп өлшеуімен әлемде бір ғана ирандық House Almas фирмасы айналысады. Деликатес 998 сынамалы алтыннан жасалған банкада сатылады. Бір киллограммға бағасы 23 000$ тұрады екен.
Әлемдегі ең “сусыз” мемлекет?
Таяу шығыста, дәлірек айтсақ, Сауд Арабиясы. Бұл елде мұнай көп болғанымен, бір де бір өзен жоқ.
Қай жерде қар фантастика болып саналады?
Сахара шөлінде. Бұл жерге қар бір-ақ рет - 1979 жылдың 18 ақпанында ғана жауған.
Әлемдегі ең танымал кітап?
Қалай айтқанда да ең танымал болып Гиннес рекордтар кітабы есептеледі. Бұл кітап кітапханаларда ең көп оқылатындардың бірі болып саналады екен. Одан кейін Толкиеннің “Властелин колец” кітабы болса, жүлделі үшінші орын - Пауло Коэльоның “Алхимигінде”.
Адамның өмір бойы өсуін тоқтатпайтын дене мүшесі бар ма?
Антропологтардың зерттеуінше адам ағзасы 25 жасқа дейін толық жетіліп бітеді. Тек қана мұрын физикалық өлімге дейін жайлап өсе береді екен.
Қар жапалақтап жауып жатқанда құрбым “Далада сондай романтика” – дейді… Адамдардың мұндай ауа-райында романтика көріп тұрғаны, әрине, қуантады.
Ал өзім суық офистің ішінде мұздай болып қалған саусақтарыммен блогыма жазу жазып жатырмын. Сірә, бүгін мұндай қар жауатынын білмеппін, әйтпесе қалыңырақ киініп шығар едім.
Кофе ішіп, біраз жылына тұрайын. Мендегі офистік шкафта барлық зат бар деп мақтанушы едім, бүгін наски неге жоқ екен деп қайғырып отырмын… Аяқтарым да тоңып кетті…
Осындай күні жылы көрпенің астында теледидар көріп жатқандардың арманы жоқ шығар.
Күні бойы м-агентте отырғаннан кейін авторизация сұрап кіретіндер көп. Кейде қосарын қосып алып, біраз жөн сұрасқаннан кейін әңгіме жүрмей қалатыны бар. Адам тіптен саған қызықсыз болып, тартпай тұрады. Онымен қоймай сені де әңгімеге тартпайды. Одан кейін келесі күні бір амандасасың, үшінші күні – бір. Сөйтіп кейін тіпті амандасу да қалады. Жалпы айтқанда агенттегі тізімді толықтырып тұрғаннан басқа ешқандай қайыры жоқ.
Негізі осы адамдарға таң қаламын, егер айтатын әңгімесі болмаса, адамды пікірталасқа шақыра алмаса не үшін авторизация сұрайды? Әлде мен оны қосқанда, жапа-тармағай бас салып, әңгімені суылдатып, кездесуге шақырып, ғашық болып қаламын деп ойлай ма?
Содан кейін осы Мой мир деген де дос жинау базасы бар. Сондағы кейбір адамдардың күніне бәлембай адаммен танысып тізімінде 500 немес одан да көп адам жинап алып отыратындарға таң қаламын. Олармен не әңгіме айтады? Қайсы біріне қайталап, ана жерде жұмыс істеймін, мынадай қызуғышылығым бар деп айта береді? Жалықпай ма екен? Бірақ әр адам негізі әртүрлі ғой.
М-агент пен Мой мирды ашып бүгін тазарту жасайын дедім. Тізімді ашып тышқанның оң жағын басып тұрып “Игнорировать” дегенді таңдаудың өзі де бір азап. Бір қарасаң ештеме емес. Бірақ адамның көңіліне тиіп қалар ма екен деп те тағы ойланасың. Ал Мой мирден өшіру, тіптен қиынның-қиыны. Айтар әңгімең болмаса тізімімді толықтырып тұрғаныңды ұнатпаймын деп жазып жіберейін дейсің. Алайда оңай емес нәрсе екен. Көңілшек болғаным ба, әлде тұйық адаммын ба, өзім түсіне алар емеспін…