Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға
Наурыз айы туғанда!!!
Наурыз құтты болсын!!! Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан, мөлдір махаббат тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!!

Google-де Наурыз жайлы қазақша біраз ақпарат қарастырып көріп едім. Қазақша ай аты дегеннен басқа көп ештеме таба алмадым. Сондықтан наурыз мейрамы жайында біраз ақпарат жазып қояйын.
Наурыз – жыл басы. Бұл мейрам шығыс елдерінде мұсылмандықты қабылдамай тұрған кезде пайда болғандықтан діндік рәсімдер мен бағыттарды ұстанбайды. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – жаңа жылдың бірінші күні болып саналады, бұл күн – күн мен түннің теңесу күні.
Қазақтар үшін бұл мейрам – көтемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлықтың және достықтың белгісі ретінде атап өтіледі. Ертеректе адамдар Наурыз келмей тұрып үйлерін және мал-жайын қалыпқа келтіріп, мейрамға орай ағаш отырғызып, гүл еккен. Егер Наурыз келген үй таза болып, үй иесі жақсы адам болса, сол үй ауру-сырқау, сәтсіздік, ауыртпалықтардан тазарады деп саналған.
Наурызды “Ұлыстың Ұлы күні” деп те атайды. Бұл мейрамды берекелі етіп тойласа үйге ырыс пен бақ келеді деп сенген.
Мейрам күні қазақтар әдемі киімдерін киіп, бір-бірлеріне қонаққа барады, келер жыл ырысты болсын деп жақсы тілектер айтады.
Тойлау барша қауымдық сауық-сайранмен, ойындармен, ат жарысымен және т.б. көңіл көтерушілікпен жалғасады. Ең басты салттық тағам наурыз-көже болып саналады. Наурыз-көже 7 түрлі тағамнан жасалуы тиіс. Бұл өмір сүру үшін маңызды 7 белгіні: су, ет, тұз, май, ұн, дәндер (күріш, жүгері немесе арпа) және сүтті білдіреді. Қазақтар үшін 7 саны – қасиетті сандардың бірі.
Наурыз бүкілхалықтық болып Қазақстанда 1926 жылдан бастап 1988 жылға дейін тойланбаған. 2001 жылдан бері Наурыз мемлекеттік мейрам ретінде жарияланған. Сондықтан 22 наурыз – жұмыс істемейтін күн.
Наурыз 22, 2008 at 3:33 тк |
Nauryz kutty bolsyn!
Nauryz jaily kazaksha Wikipediada bar. kk.wikipedia.org dan izdesen tabasyn.
Akparatyna rahmet.
Наурыз 25, 2008 at 5:45 тд |
Ақзере мақаланы жақсы бастапсың Роза апайым ән салып тұрғандай сезіндім ғо…
Бәрлеріне мерекелерінмен деп айтып қояын, очм жақсы мереке ғо, біздер де со тойды тойлаймыз деп 3 күн бойы орнымнан тұрмай ұйықтап алдым ғо. а так жұмыс істей берсе, істей берсе, демалыссыз, яғни мереке андай мұндай дегендер адамды әлжуаз етіп жібереді екен. Бір түрлі езіліп отрм
Наурыз 26, 2008 at 3:52 тд |
Рахмет!!!