Құдыретті адам

“Сіз неге жылайсыз?” – деп сұрады кішкентай бала анасынан.
“Өйткені мен әйелмін”, – деп жауап берді анасы.
“Түсінбедім” – деді ол.
Анасы баласын қысып құшақтап: “Ешқашан да түсінбейсін… бірақ бұл дұрыс” – деп айтады.

Кейін бала әкесінен сұрайды: “Анам осы менің ойымша себепсіз жылайды, неліктен?” “Әйелдердің барлығы себепсіз жылай береді” – деп қысқа ғана әкесі жауап қайтады.

Бала есейіп, жігіт болғанда да осы сұрақ оның көкейінде жүреді. Кейін ол осы сауалын Құдайдан сұрауға бел буады: “Осы әйелдер неге оңай жылай салады?” – деп жауап күтеді. Сонда Құдай былай деп жауап беріпті:
“Мен әйел затын жаратқан кезде оның ерекше болуын қаладым. Әлемнің ауырлығын алып жүру үшін оның иықтарын мықты қылдым, еркелету үшін қолдарын назды еттім.

Бала босануды көтере алу үшін, көптеген бас тартушылық пен жәбірлерге төзу үшін оған ішкі күш сыйладым.

Мен оған шаршаса да, ауырса да, тіптен тастап кетіп жатса да алға ұмтылу үшін серпін беретін, отбасының қамын жасап, аялау үшін, достарына көмектесу үшін
мінездің тұрақтылығын бердім.

Қандай жағдайда болмасын, тіптен балалары қатты ренжітіп жатса да оларды сүю үшін сезімділік бердім. Әйел адамда балаларды түсініп, дұрыс жолға жетелейтін ерекше күш бар.

Мен оған теріс қылықтарына қарамастан өз ерінің тірегі бола алатындай қайраттылық бердім және оның жүрегін қорғау үшін мен оны сол еркектің қабырағасынан жараттым.
Мен оған ақыл бердім, ол жақсы еркек әйелін ренжітпейтінін түсінеді, тек кейде оның артында мығым тұра алатындығына сенімді болу үшін мықтылығы мен жігерлігін тексеріп қояды.”

“Сонымен қатар”, – деп жалғады сөзін Құдай, – “Мен оған жылауға мүмкіншілік бердім. Мұнымен ол қалаған кезде, кез-келген уақытта қолдана алады және бұл оның жалғыз кемшілігі.

Сен егер оның жылағанын көрсең оны құшақтап, қалай сүйетініңді айт, егер ол одан бетер жылай берсе сен оның бақытты екенін сездірттің. Ол құдыретті адам!!!”

Ханымдар, барлықтарыңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын!!! Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, өмірлеріңіз махаббат пен қуанышқа толы болсын!
Ал мырзаларға айтатыным, әйел адамның жылауына себепкер болмаңыздар! Кейбір ақылсыздықтар жасап жатса да ол жай ғана еркелік деп түсініңіздер. Өмір қысқа – бір-бірімізге қуаныш сыйлауға тырысайық.

6 жауаптар “Құдыретті адам” ке

  1. bakytnurдеді:

    Jogarydagyny ozin jazdyn ba? Jaksy jazylgan!

    Jylau degen opportunity ekenin bilmeppin :)

  2. technosyndromдеді:

    Керемет әңгіме, Ақзере!!!
    Неге мен жазған жоқпын осыны деп, қызғаныштан жарылардай болып жатырмын… :)

  3. akzereдеді:

    Сөйтсе opportunity екен, Бақытнұр :-)
    Ереке, сіздің жазбаларыңыз бұдан мың есе артық қой! Егер біз сіздің жазбаларыңызды қызғанатын болсақ баяғыда жарылып кетер едік :-)

  4. Назымдеді:

    Жақсы жазылған. Маладес, Ақзере. Мен сияқты жылауықтар оқып бір мәз болып қалған болар.

  5. Бекжан Толыбайдеді:

    Жарайсың..Жақсы мақала..:)) Гүл де әдемі екен..

  6. Айбекдеді:

    Алла разы болсын!

Жауап қалдырыңыз