Ұлттық кириллицалық “.рф” домені Интернетте 2008 жылы ашылады деп хабарлайды Ru-Center басшылығы Алексей Лесников. Бұл желідегі сайттардың аттары да орыс тілінде жазылады екен. Қазіргі уақытта “.рф” белдеуіне жүргізілген сынақтар технологиялық жағынан бітті деп хабарлап отыр.
А.Лесниковтың айтуы бойынша, тіркелушілер құнды аттарға ие болу үшін аукционға түсе алады. Осы күнге дейін аукционға қатысуға 460 мың атқа ие болу үшін 5 мыңға жуық өтініштер өткізіліпті. Желілік аттың орталық бағасы 80 долларды құрайды екен, бес ат 1 мың доллардан жоғары бағаға сатылыпты. “.рф”-дегі жақсы аттар Ресейдегі көптеген компанияларды қызықтыруда.
Бұл жобаға қатысушылар қолданушылар арасында сұранысы жақсы болады деп санайды. Ірі бизнес өкілдері “.рф”-ден домендер сатып алуға тырысады, өйткені “.ru” домендеріндегі көптеген жақсы аттар бос емес, сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмас деп санайды мамандар. Сонымен қатар даму үстінде “.рф” қолданушыларының саны “.ru” қолданушыларынан асып түседі деген де болжамдар жасалуда.
P.S.: Алайда бәрін уақыт көрсетеді. Бұл да бір ресейліктердің Интернет желісіндегі жаңаша бір жетістіктері деп санаса болады.
Желтоқсан 25, 2007 at 2:18 тк |
ия, рахмет, бурын бул доменнiн пайда болу жобасын ешкайда кормеппiн.
Желтоқсан 25, 2007 at 3:47 тк |
Bizde Mongoliada kirilicalik .mn degen domain bar, nege Reseide jana bastalip atyr eken?
Osynda da koreishe doman aluga bolady…
Желтоқсан 26, 2007 at 1:55 тд |
Ресейліктердің Интернеттен өз тәуелсіздіктерін алуға деген талпыныстарының бір көрінісі болар. Кирилл қаріппен домен ашу мүмкіндігі туып жатса, бұл интернет тілі ағылшынша болғандықтан латын әліпбиіне көшу керек деген дәлелді жоққа шығаратын тәрізді. Бұл жайт белгілі бір деңгейде латын қарпіне көшу мәселесін кешеуілдететін шығар.
Желтоқсан 26, 2007 at 2:51 тд |
Солай болар. Алайда өз басым латиницаға көшуді қаламаймын. Латиницаны оқу қиынырақ негізінде. Біздегі “.kz” домендеріндегі құнды аттар әлі де бос шығар…
Желтоқсан 26, 2007 at 6:08 тд |
Kirilicamen alu degen soz, tek resei adamdary gana kiredi degen soz.. nemese kirilica biletin adamdar.. Sebebi baskasy ony tere almaidy..
Sondyktan bizde de osy problemadan bolip mongolsha domain popular emes…
Akzere aitpakshy ortaq latynsha durys. Al .kz domaininen jaksy domainderdi ali de alip kein satularynyzga bolady