Осы жылы “Қазақстан аруы-2007” болып Алматы аруы-2007 – Альфина Насырова танылды. Ол Алматы технологиялық университетінің студенті екенінен басқа еш мәлімет жоқ. Мүмкін қазақстандықтардың бұл сайысқа ешқандай қызығушылығының жоқтығынан болар.
Осы кезде “Әлем аруы-2007”-де өз таңдауын жасады. Бұл атақ 23 жасар қытайлық Чжан Цзылиньге бұйырды. Ол Пекиннің бір фирмасында хатшы болып жұмыс істейді екен. Бойы 182 см-лік Чжан байқауға қатысушылар арасындағы ең ұзын ару болыпты. Байқау тарихында қытайлықтардың ең үлкен бірінші жетістігі екен. Мамандар қазіргі уақытта
блондинкалардың заманы бітіп, азиат қыздардың модада екенін айтып отыр. Кім біледі, мүмкін келесі жылы біздің аруымыз да шыңнан көрінер. Әзірге біздің жетістігіміз 2000 жылы Әлем аруында үшінші орынға ие болған Маргарита Кравцованың жеңісі.
Екінші орынды анголалық ару Микаэла Рейс алса, үшінші орын мексикалық Каролина Моран Гордильоға бұйырды.
Мына жерден Қазақстандық байқаудан тағы да суреттер көре аласыздар http://valeryayapov.com/displayimage.php?album=236&pos=453



Желтоқсан 12, 2007 at 1:48 тк |
“азиат кыздардын модада” болганына не себеп бар екен?
Желтоқсан 12, 2007 at 2:39 тк |
Aziat kizdar jalpi modada
Aitpakshy jogarydagy Kazakstan aruy kazak pa?
Aru korinbeidi goi
Желтоқсан 12, 2007 at 8:44 тк |
ademi araular desenchi
Желтоқсан 13, 2007 at 2:46 тд |
Азият қыздардың модада болғаны осы жылғы Miss Universe-2007-де (Мисс Вселенная) бірінші орынды жапондық қыз ұтып алған.
Ал ұлты қазақ па қазақ емес пе оны білмедім. Аты-жөніне қарағанда ұйғыр қызы сияқты.
Желтоқсан 13, 2007 at 3:13 тд |
Negizi Miss bolsa bolgandai kazakta arular kop koi, katyspagan shigar sira
Желтоқсан 13, 2007 at 3:50 тд |
Менің ойымша бұл жерде өзге ұлттарды да көтеріп қою сияқты стратегиялар орын алды. Қазақ аруларының мисс бола бергенінен қынжылған шығар…
Желтоқсан 14, 2007 at 11:55 тд |
Әлемдік сұлулық эталонына құштарлық-ай осы қыздардағы
Кім әдемі, мен бе, ол ма дегендей… Негізі, сұлулықты анықтауыш фактор бикини мен жүріс, дефиле ғана болып шектелетіні өкінішті. Қырық, қырық бес секундтық шүйіркелесу барысында қандай бір IQ жарқ ете қалар дейсің. Тек қана физиологиялық құрылыс, бітім ғана доминанттық көрсеткіш. Бұл, көп ретте, біздің ұлттық өлшемімізге дәлме-дәл келе бермеуі ықтимал. Қателесуім де мүмкін.
Нұрғиса
http://www.nurgisa.kerekinfo.kz
Желтоқсан 12, 2008 at 3:11 тд |
Нұрғиса, сенімен толық келісуге болады. Расында да, әлем аруын анықтайтын критерийлер аясы тым тар. Қазақстан аруларының бәсекесінде Абайдың қара сөздерін сұрап көрсінші. Залда ұзақ сонар үзілістің орын алатынына күмәнім жоқ. Немесе, Абай аруағының алдында әбден қарабет боламыз. Онсызда жетісіп жүргеніміз жоқ қой.