Желтоқсан 3, 2007
Осыдан 2 күн бұрын бүкіл әлем болып СПИД-пен күресу күнін атап өттік. Алысқа бармай-ақ өз елімізде де осы бір ауыр індет кең етек алуда. Өз өмірін қатерге тіккен нашақорларды айтпағанда бұл ауруға жас сәбилер де ұшырап жатыр. “Ажал айтып келмейді” дегенмен болашақ
өмірлері құрдымға ұшыраған бұл сәбилердің қандай кінәсі бар десеңші…
Қазіргі уақытта СПИД-тен қорғану жайында қаншама ақпарат таратылып, оның алдын
алу шаралары ұйымдастырылып жатқанымен де аурулар санының
азайған түгілі, көбейіп келеді деген статистика да бар.
Еліміздің экономикасы дамып, мәдениеттілігі мен діни көзқарастары
қалыптасып, рухани байып жатқан кезде осындай келеңсіз
індеттерге ұшырауымыз неден?
Сұрақтар көп, күресіп әлекпіз, алайда нәтиже қуантарлық емес.
Ол үшін біраз жылдар қажет шығар. Бірақ уақыт өткізіп алмасақ болғаны…
Leave a Comment » |
Өз ойым | Tagged: ЖИТС, СПИД, СПИД-пен күрес |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere
Желтоқсан 3, 2007
Міне, аязын сықырлатып қыс та келіп жетті… Әне-міне дегенше келесі жылдың аяқ басуына да көп уақыт қалған жоқ.
Күйбің тіршілікте уақыттың зымырап өтіп бара жатқанын
байқамай-да қалады екенбіз.
Қысқы уақытта сіздерді жылы ойларыммен, ақпараттармен,
өлеңдермен қуантып отырамын деген үміттемін. Басты тақырыпқа
Ақын… періште… махаббат… деп қоюымнын да себебі сол.
Өзім ақын болмасам да поэзияны сүйіп оқимын, оның ішінде махаббат
өлеңдерін. Ал періштені әр адам өзінше елестетеді. Біреу үшін ол -
сүйгені, біреуге - арманы, біреуге - жан тазалығы. Ең бастысы періште -
пәктіктің белгісі. Әрдайым жүрегіміз, ниетіміз, армандарымыз таза болсын
демекпін.

2 Пікір |
Өз ойым |
Тұрақты сілтеме
Жазған: akzere