Мен осы түсінбедім… Студенттер күні қай күн? 17? 18? 19 ма?
Өзіміз студент болғанда бұл күнді тіптен тойламаушы едік. Негізі
тойлауға бұл күннің де қажеті шамалы еді
Кеш болса да құттықтап қояйын. Студенттік өмір деген өмірдің керемет бір сәті ғой. Қайталанбас сәттері. Студенттің өмірі сессиядан – сессияға деуші еді. Бұл сөздің жаны бар шығар.
Студенттерге тілерім, қызық қуумен қатар ең бастысы сапалы білім алып шығуға тырысыңдар. Оқыған, білімін жетілдірген, епті адамдар ғана өз өмірін алаңсыз
құра алады екен. Соған көзім жетті. Мұхтар Шахановтың мынадай студенттерге арнап шығарған өлеңі бар. Тура студенттердің өмірінің келбеті.
Студенттерге
Студенттер, аяулы ақ мамандар,
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар
Білім қуып бөлмеге қамалғандар.
Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер,
Ауылға жиі айтатын сәлемдері:
“Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!”
Студенттер, сарылып ой қуғандар
Қарынды қанағатқа тойдырғандар
Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар.
Студенттер, болашақ жас мамандар,
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
Бастарына тек кітап жастағандар,
Студенттер, ұстазға ұнағандар.
Сүрінгендер, кей жерде құлағандар
Қайтадан тапсырам деп жылағандар
Тәттіні, ащыны да татып тұрар
Студенттің жан сырына құлақ саңдар,
Сонда да жандарында жанып тұрар.
Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды,
Студенттер,
Студенттер,
Бақыттылар!!!
Қараша 21, 2007 at 6:49 тд |
Студенттер үшін сессиядан басқа уақыттың барлығы мереке. Бірақ кейбіреулері үшін сессияның өзі де мейрам.
Қараша 21, 2007 at 5:07 тк |
Karacha aining senbi kuninde toilaidi. katelespesem!
Қараша 22, 2007 at 6:16 тд |
Сонда үшінші аптаның бірінші сенбісі ғой сонда…
Қараша 23, 2007 at 6:17 тк |
Kazir Studentter kunin 17 karashada toilap jur.
Қараша 26, 2007 at 10:19 тд |
Студент болып кеткен адамға, студенттік өмірінің барлығы мейрамдай көрінеді
Қаңтар 17, 2008 at 4:35 тк |
Salem Zere. Kalin kalay. Blogtardi aralap jurgem saganda kirip keteyin degenim goy, iske sattilik
Қараша 9, 2009 at 10:53 тд |
мен оз1м студентп1н.Маган унайды осы кундер1м,неде болса татт1н1 де ащыны да б1рге кору1м1з керек….ом1рд1н ен адем1де есте калатын кундер1н осы студентт1к кундер1м1зго