Блог жайлы

Блогқа қазақша махаббат өлеңдерін іздеп келетіндер көп екен. Сондықтан осыдан кейін танымал ақындардың өлеңдерін жариялайтын боламын.

Ал “Ақын… Періште… Махббат…” блогы http://akzere.dosym.kz/ адресіне көшірілді.

132 пікір | Блог жайлы

  1. Bakytnur says:

    Kutty bolsyn!

    Jaraisyn Akzere karyndas!

  2. akzere says:

    Рахмет, Бақытнұр!!! Өзіңіз сияқтылардан үйреніп жатырмыз ғой.

  3. urimtal says:

    Блогыңыз жақсы екен! Қызықты да, пайдалы жазбалар күтеміз. Блогыңызды жеке блогыма тіркеп қойдым.

  4. akzere says:

    Рахмет сыздерге.

  5. akzere says:

    Сіздерден сұрайын дегенім: Мысалы жазудың жартысын ссылка арқылы жасап қоюды қалай істейді? Әйтпесе жазудың барлығы бір бетте тұрса тым ұзақ және әдемі емес болып тұрады.
    Сосын тағы да сұрақ: мақала суреттің жанынан басталуды қалай істейді. Жазу тек суреттің астынан басталады немесе соңына ғана қойылады. Ал жанына қоя алмадым :-(

  6. urimtal says:

    Qatelespesem saualdarynyzga qazaq blogshilar jauap bergen tarizdi

  7. akzere says:

    Ия, көрдім. Рахмет!

  8. nurgisa says:

    Акзере, блогын жаксы дамып келе жаткан сиякты! Осы карымды басендетпе деп тилеулестик танытамын. Блогосферадагы дамылсыз кам-карекетин лайым игиликтерге жеткизсин!

  9. akzere says:

    Рахмет, айтқаныңыз келсін!

  10. Блогыңыз құтты болсын. Ісіңізде сәттілік тілеймін. Сізде өз блогымдағы сілтемелер қатарына қосамын.

  11. akzere says:

    Рахмет, сізді де қосып қойдым. Жиі кіріп тұрыңыз.

  12. bakytnur says:

    Kazaksha interface de daiyn boldi, Optionska barip tilin kazaksha tangdai alasyn

  13. akzere says:

    Уау… жарайды, көрейін.

  14. Maratkhan says:

    Қазақ блогтары саны тағы біреуге артты. Құтты болсын.

  15. bakytnur says:

    Kazakhsha interfaceke koshken joksyn ba? Sebebi ogan koshken kezde men kazak blogshylarynyn songy jazuin korip otyrushy edim…

  16. akzere says:

    Вроде көшкен сияқты болғам… Менде қазақша жазылып тұр функциялар.

  17. bakytnur says:

    Options (Talgaular ) degen jerden Til – KAzakh dep tangdauyn kerek siakty.

    Eki turli, bireui ozinnin funkcialarina koldanylatyn til degen bar.. Endi bireui blogtyn syrtka korinu tili…

    Misali kazir magan February, Submit Comment degen sozder shigip tur…

  18. Ақгул says:

    салем!
    Ақзере болгтарын құтты болсын!
    жарайсың!!!

  19. Шынар says:

    Akzere, salem! Blogina jii bas sugip turamin. Magan hat jazip tur! Jakinirak tanisaik

    sh.korgasbek@kaztv.kz

  20. Dana says:

    Блогыңыз тамаша екен!!!!!! Маған ұнады….

  21. Nurbek says:

    Ақзере сәлем! Сіздің жазған мақалаларыңызды үнемі болмаса да ара тұра оқып тұрам. Өте қызық. Әсіресе қазақ қыздарына қажетті көптеген ақпарат алуға болады. Ойыңыз ұшқыр, әрі сауатты жазасыз. Рұхсат болса Сізбен жақынырақ танысуға бола ма?

  22. Базарайгул says:

    саламатсызба Акзере. Блогыныз әсерлі екен. Жаксы игилікті нарселерге толы болсын

  23. akzere says:

    Рахмет, сіздерге!!! Егер сұрақ қойғыларыңыз келсе мына поштаға хабарласыңыздар:
    akzere.at.gmail.com

  24. anar says:

    Блог оте жаксы багытта дамып келе жатыр, жарык корген макала, туй1нд1 ойлар бар1м1зд1н кон1л1м1зден шыгып, б1р уакыт ел1туде..

    Блогына табыс т1лейм1н!

  25. Қонақ says:

    блогыңыз құтты болсын және өркендей берсін. сұрағым блогты қалай ашуға ьолады.

  26. Ақберен Елгезек says:

    Жарайсың, Ақзере! Осындай сайттар көбейе беру керек! Еңбегіңді Тәңір жарылқасын!

  27. Еркін says:

    блогың маған ұнады

  28. ааааа says:

    Айт қабыл болсын!
    Бүгінгі күнде көбі блог ашатын болыпты (бұл әрине қуанышты), саған тек қана алға демекпін! Ойың өсіп, жетіле берсін!

  29. aelaman says:

    адамның өміріндегі ең басты әсер ете алатын сөздерден тақырып қойыпсыз,шынымен әсерлі.мақалаларыңыз да ауқымды тақырыптарды қамтып жатыр екен,өсу тілеймін!

  30. akzere says:

    Рахмет сіздерге!!!

  31. МӨЛДІР says:

    Сәлем Ақзере
    Алла жар болсын
    Сізге табыс тілеймін

  32. Светлана says:

    Ақзере, сәлем! Маған блоктың мазмұны қатты ұнап қалды. Жарайсыз!!!

  33. Gastarbaiter says:

    Тіркедім, Зере. Жаңарып тұрса дейміз.

  34. Asiko says:

    kazaksha osyndai mazmyndy saittyn bolganyna ryzamyn…

  35. Даниял Қызырұлы says:

    Блогыңыз өмірмен ұштасып жатыр. Махаббаты жырлаумен ерекшеленеді. Махаббат – өмірдің тірегі. Сондықтан мен де пікір білдіре отырып, махаббат туралы жазылған “Өкініш” деген өлеңімді
    блогыңызға енгізуді жөн көрдім.

    Өкініш

    Сен сездің де,
    Сезімсіз мені дедің де,
    Айналып менен бездің бе!?
    Дұрысы солай, қателеспедің,
    Мендегі түйсіксіз сезімге,
    Төзбес еді сендегі пәк сезім де.

    Білем, сыр бар еді,
    Тұңғиық қара көзіңде,
    Саз бар еді-ау,
    Күміс күлкі сөзіңде,
    Амал не,
    Адасқандай қаздай мен жүрмін.
    Аңғармай қалып кезінде.

    Түсіндім сені,
    Аққу болып айдынға қонған кезіңде,
    Ақ арман кетті сенімен,
    Мөлдіреген көзіңде,
    Бәлкім,
    Білген шығарсың өзің де.

    Жоқ, өкінбен,
    Шертілмей қалған сырыма,
    Келмейді жастық – сағым қуған жиырма,
    Кетсең де шалғай қиырға,
    Арқау болдың мәңгілік айтар жырыма.

    Боямаса көздің жасы өңірді,
    Жалт етіп ұшқан сол сезім,
    Жүректі өртеп,
    Мәңгілік мені кемірді,
    Жаңылысу дұрыс та шығар,
    Түсіну үшін өмірді.

    Даниял Қызырұлы.

  36. akzere says:

    Даниял, керемет өлең! Блогқа жариялағаныңыз үшін рахмет! Мой мирдағы поэзияға арнаған қауымдастығымда жариялап қоямын.
    Үлкен рахмет!

  37. Даниял Қызырұлы says:

    Рахмет. Мен үшін өлең жанның дауасы. Өлең – өмір. Өмір өлеңді өмірге әкеледі. Менде әртүрлі тақырыпта жазылған өлең көп. Махаббат жайлы да аз емес. Кітап шығару да ойымда бар. Мен үшін поэзия нағыз өмір. Осы блогтағы өлеңдерді үнемі оқитын едім. Себебі жаныма жақын тартатын да тұратын. Ал, өлең туралы айтсам, бұл менің ғаламторда жарияланған алғашқы өлеңім.
    Даниял Қызырұлы

    • akzere says:

      Даниял, егер сізде интернетке шығу мүмкіндігіңіз болса блог ашып, өлеңдеріңіз бен ішкі толғаныстарыңызды жазатын күнделік жүргізуге барлық мүмкіндік бар.
      Сізге творчестволық табыс тілеймін! :-) Дебютыңыз құтты болсын!

  38. Жадыра says:

    Салем Акзере. Шынымен сиздин бурышыныздан коп нарсе окып-таныстык. Сырлы сезимге толы, терен магыналы казақ олендерине не жетеди дейсиз!!! Мен де поэзия десе, жаным нурланып, конилим котерилетин кыздардын биримин. бир олен калдырайын:
    Жанарымнан ғажайып сыр ұқтырып,
    Өрт сезімге өртене күйіп тұрып,
    Кездескенде, айта алмай бір жылы сөз.
    Сені өзімнен бездірем, сүйіп тұрып.
    Махаббатқа басымды иіп, көніп,
    Сағыныштан жүрсем де күйік көріп,
    Кездескенде мен саған қырсығамын.
    Қысыр сөздін барлығын үйіп төгіп.
    Көтере алмай сен оны шамданасың.
    Аңқаусың-ау, ештеме аңдамасым.
    Сезбеймісің, көңілім астаң-кестең.
    Сыздатасың, несіне жан жарасын,
    Әлде өзіңді құрбан қып, жылап ішің,
    Жүрегіңді намысыңа жығамысың,
    Мен қырсықсам, жаным-ау онда не тұр,
    Еркелігім ол менің ұғамысың?
    Уатылып жартасы, төзімдерім,
    Быт-шыт бұл күн, сырт бүтін, көзімде мұң.
    Кесел тауып ант атқыр мінезімнен,
    Жеп жүргенім жегідей өзімді-өзім.
    Түсініспей өтуде есіл өмір,
    Сырласатың күн қайда шешіле бір.
    Ңамысқа ұрып қайтесің, айналайын.
    Мықты болсаң,
    Сен барін кешіре біл!

  39. Еркеулан says:

    Өте жаксы блок екен…

  40. Жалгас says:

    Блокта жаксы ой-пікірлер жинакталған екен.Рахмет!

  41. Ақын – Алла!
    Адам – ақынжанды ғана…
    Періште – бір кездері адамға табынған, Алланың құлы.
    Адам – пәктікті періштеге балайтын Алланың құлы.
    Махаббат – Алланың, мынау пәндәуй тірлікте жаратқан ең ұлық сезімі. Адам – сол ұлықтықты мойындай отыра, одан мақұрым қалған сорлы.

    Ипааать, мынаны мен жазып отырмын ба?!

    Зере, блогыңыздың атауының өзі нақұрысты пәлсапаға жетелесе, блогтың да сондай ойлар жетегіне алары сөзсіз. Қуаныштымын қысқасы, сенің келбет сұлулығыңмен, ішкі жандүниеңнің үндестік тапқанына көзім жеткеніне.

    Ал, қалған сопақбастар, Будданың сакуралы бұтағы жар болсын сендерге…

  42. akzere says:

    Ой рахмет!!! :-) Бәрі тек сіздер үшін…

  43. Тоты says:

    Тосыннан…мына блогқа қонаққа келіп қалыппын… құдды бір басқа,рухани,таза әлемге тап болғандай күй кешудемін. Жарайсың,Ақзере!

  44. Нақұрыс, өзіңе қарап ал. Будданың бұтағы өзіңе! Сопақбас өзің, нақұрыссс :)

  45. aldeken says:

    қарбаластан жайбарақаттыққа жетелейтін блог деп бағаладым. Өз ойым.

  46. Сая says:

    Ақзере, сәлем! Есіміңізбен блогыңыздың мазмұны үндес екен. Құтты болсын! Оқып қуанып қалдым! Сапасы арта берсін! Тек қана, алға!!!

  47. Ерназар says:

    Jaraisin

  48. Anar says:

    Akzere, osi bloginizdan aripterdi ontaylandirudin jolin karap kordiniz be?

  49. musicola says:

    блогты босқа ашпапсыз, Зере ханым. қызықты заттар көп кен ))) сәттілік әрі қарай да )))

  50. ardasau says:

    Блогым менің блогым….
    Электронды клоным.
    Тегін хостинг жақсы ғой,
    таусылмаса срогың!

  51. Венера says:

    Салем Акзере, сиздин блогыныз, жалпы жеке бурышыныз маган катты унады, сезимге толы, журекти жылытар олендерин маган катты унады,Алла разы болсын!

  52. akmonshak says:

    Сатти кадам екенин айтып жатыр гой адамдар.Мен де косыламын. Тек кана танымал акындардын гана оленин жазасыз ба? Блогынызга жии бас сугып турармын енди. Махаббат туралы жырларды суйип окимын. Менде блог жургизип бастагам былтыр,бирак казир койып кеттим.Жакында жанартам,сизде маган келип турыныз.

  53. aelaman says:

    maxabbati armandaitndar men gashk bolgsi keletinder men otken maxabbati eske algsi keletinder ushin blognz ote kajetti de jurekke tura tier jerde eken.suinzder,gash bolinzdar!

  54. umirbek says:

    Салем! Жақсы екен. Табыс тілеймін. Тек алға!

  55. Даулет says:

    Маған мәлім махаббаттың мекені,
    Көңілім құстай оған ұшып жетеді.
    Сағыныштың бар болған жақсы екен,
    Сағынбасақ көңіл кірлеп кетеді.

    Жақсысыңғой шіркін әсем сағыныш,
    О, сағыныш мені шыңға алып ұш.
    Өмір бойы ынтазарғып қойдың ғой,
    Бір аруға жаны көктем, жаны құс.
    Т.Молдағалиев

  56. Даулет says:

    Сен жоқ жерде ғаріптеймін қашаннан,
    Сен бар жерде жігер берген жас арман.
    Сен жоқ жерде апта сайын қартайып,
    Сен бар жерде сағат сайын жасарам.

  57. Олжас says:

    Керемет екен мен кездейсок кіріп калдым, өлендер унады

  58. Balayim says:

    Жарайсын Акзере. Алла қамқоршын болсын.

  59. Толебек says:

    Ақзере, блогың маған да ұнады. Шынымды айтсам, мен Танакөз Толқынқызының өлеңдеріне құмармын. Оның бір өлеңі бар еді, шамада былай басталады:
    “Көк аспанда ұшқым келеді!
    Ақ бұлтты басып түскім келеді!
    Махаббат балын ішкім келеді!
    Өзіңді жаным құшқым келеді!” дегендей сарында еді. Бұл өлеңнің түпнұсқасын қазір таппай жүр едім. Осы өлеңді тауып блогта жарияласаңыз екен. Сізге алдын-ала рахмет!

  60. Фариза says:

    Махаббат барсын ба?
    -Бармын
    -Таппадым, мен издеп талдым.
    Жолымда кездессен бари бир,
    Коремин сени емес тар мун.
    Махаббат барсын ба? Кайдасын?
    Кай жерде, кай тау сен сайдасын?
    Махаббат, барсын ба? Кориниши.
    Коп кордим іздеген теримши
    Бар екен сен кушкан адамзат?
    Махаббат барсын ба:
    -арине!
    -Кай жерде, кай мекен, кай уйде?
    Сени издеп журегим шаршады,
    Салындым ансауга, дал куйге.
    Махаббат барсын ба?
    -Тиримин!
    -Корсетши бир ушын туриннин.
    Куттыктап барайын айтшы сен
    Мезгилин туылган куниннин.

  61. MarZhan says:

    Коп жазган суйгенине суйгендери,
    Сол ушин олип – жанып куйгендери,
    Менде мiне жазайын соларга уксап
    Кызыктырмас басканын басканын билгендери.

    Гашыкпын мен бурыннан билесин гой
    Билсен де билмегенсип журесин гой
    Каласан дос болып – ак журе бергин
    Баскамен бакытты омiр суресин гой!

    Ешбiр жанга айтпагын бул жырымды
    Бiлдiрмешi ешкiмге бул сырынды
    Акыры, дос болып журе берсек
    Аялап, аймалагын оз кызынды!
    * * * *
    Шыныменде суйесин бе, оны сен
    Менде сенин ойларынмен келисем
    Досымдай боп корингем козиме
    Журегимде суйгенимдей корисем!

    Умытам ба, кайтем енди суйемин
    Бир сен десе тозакка да куйемин
    Коре калсам озин жактан биреуди
    Сен екен деп аландайды журегим!

  62. MarZhan says:

    Салем Акзере блогын жаксы екен менде бир еки оленимди сенин блогына енгизгенди жон кордим.
    АЛГАА!

  63. 677877 says:

    менің есімім Тимур, мен өте көп кітап оқимын!

  64. Куралай says:

    Салем, Акзере! Блогын унады. Биринши рет “конак” болдым. Мумкин болса, эл-поштаннын мекен-жайын бере аласын ба?! Саган айтар отнишим бар еди

  65. marat says:

    Мұқағалидың бір өлеңін таба алмай жүрмін, ол өлең мына жағдайда шыққан: Шәмші мен Мұқағали келе жатқан, сонда алдарынан жол берип бір қыз тұра қалған, сонда Шәмші: “біраздан бері ілтипат көрмеп едік, Мұқағали-ау ақынсың ғой, калай үндемей қаласығ дегенде, Мұқағали бір өлең шығарған сол жерде. Сол өлеңде мынадай сөздер кездеседі: Несіне коп тоқтадың, көп қарадың, жолымызды бердік, өт қарағым-деген катарлар кездеседі. Осы өлеңді тауып берсеңдер қуанар едім. Менің поштам: marat.1980@mail.ru

  66. 01 says:

    тым көп өлең екен…бұны оқып шығатын уақытта жоқ, шыдамым да жетпейтін сияқты…бұл күнде барі ақын, бәрі әнші әйтеуір, 2 в 1 да жиі кездеседі, әнді өзі жазып өзі айтатын…менинше барлық ақандар өлең жазар алдында Абай атамыздың “Өлеңге әркімгің ақ бар таласы” деген өлеңін оқып алу керек сияқты, мүмкін ұялып “айтқан сөзің оқ сияқты, табанға түскен шоқ сияқты” немесе “үнсіз жүрек, үнсіз кеуде” деген өлеңдерді доғарар жазып, кім білсін?!…”сырты күміс, іші алтын” қысқа нұсқа, тілге жеңіл, жүрекке жылы өлеңдер жазыңдарш!!!
    Әркімнің мақсаты өз керегінде,
    Біле алмадым пысығын, зерегін де.
    Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар,
    Хақиқат та, дін дағы тереңінде. демекші…
    терең шомыңдар, маржанын теріңдер, болмаса басты қатырмандарш өлеңнің де, өлеңмен жырлап жатқан нәрсенің де қадырын қаштырмай!
    Абайды ақын деп мойындайм, бітті! фариза, мухтар, дулат, мукагали, кырт -сырт акын емес, ауызбен орак орып уакытын бекер откізіп жургендер мен ушін!
    пы/сы: Коммент ұнамаса өщіре салыңдар, ұнамаса артыма бірдеңе деп қалындар, маған бәрібір, әсте ойға түйіндер!
    Айттым бітті!!!

  67. Зауре says:

    Акзере рахмет саган,казак тілінде осындай адеми де магыналы олендер,ойлар жазатын блог ашканына,казак тілін дамытуга тен!н!зд!н тамшысындай болса да коскан улестер!не шын журектен Рахмет!мд! айтамын блогтагы бауырларым!

  68. Ислам Косжан says:

    Көктемнің гүлі алғашқы

    Өзгеше күйді шертіп ем,
    Өзімше мен де сүйіппін.
    Сұлулық құрған көркімен,
    Лағы еді киіктің.

    Екпіні бөлек ағыстан,
    Құлаштап керіп аспанын.
    Қиялым келіп жарысқан,
    Армандар алған бастауын.

    Көргенде қалам болып таң,
    Басқандай сұлу пернені.
    Тар жолда тайғақ жолыққан,
    Өмірдің ол да өрнегі.

    Соңында жүріп елестің,
    Адасып кетсем сол қайғы.
    Жынды деп,
    Жынды емеспін,
    Сау деуге тағы болмайды.

    Күту мен үміт жалғасты,
    Күй болды бұрын шертпеген.
    Көктемнің гүлі алғашқы,
    Жүрекке келіп көктеген.
    ***
    Өшірмей ыстық сезімді,
    Алдыңа жанып келіп ем.
    Айтайын деген сөзімді,
    Айта алмай тұрмын еліктен?!

    Қырларды кезіп осылай,
    Кетейік дедім,
    Жүр бірге.
    Қас-қағым сәтті осын-ау,
    Қимаймын неше күндерге.

    Бұл менің айтпақ,
    Ойым ғой,
    Сен соны сезіп білдің бе?!
    Үндемей кеттің,
    Күлдің де!
    ***
    Пенделік пен ақындық

    Жүректі сыздап,
    Мұздаған,
    Көргенде емдер гүл өңің.
    Пенде боп сені қызғанам,
    Ақын боп сені сүйемін.

    Мұратқа іздеп жетпеген,
    Іштегі у ғой бұл қайғым.
    Пенде боп сені жек көрем,
    Ақын боп сені қимаймын.

    Кеудемде әлсіз жаным жүр,
    Езілген суға бордаймын.
    Пендеге енді бәрі бір,
    Ақын боп мәңгі жырлаймын!
    ***
    Бір елес,
    Еркіңе қоймас жырлатпай.
    Сұлулық деген ірі емес,
    Сұлулық деген бармақтай.

    Түннен де күнді іздеп ек,
    Түнменен біз де күндеспіз.
    Сұлудың жөні бір бөлек,
    Сұлулық деген, қыз деппіз.

    Кісі боп,
    Иттер үргенге,
    Торыдық талай қыз жақты.
    Үйтіп те-бүйтіп жүргенде,
    Іштегі дертті қозғапты.

    Жігіт те болдық,
    Ер кеуде,
    Жүрдік қой талай сүргін сап.
    Сәлем деп қолын бергенде,
    Қыздардың қолы жұп-жұмсақ.

    Қызыққа жастық тойған ба?
    Қызға жыр жаздық арнап біз.
    Махаббат атты майданда,
    Ақын боп қалған солдатпыз!

    * * *
    Қиыр да – шиыр,
    Жүрістің шағы,
    Тек жүріс деп те, айтпаймын.
    Жүрекке жақын шығыстың сазы,
    Хафиздан өлең жаттаймын.

    Мереке десем,-
    Күнімнің сәні,
    Алданыш одан таппаймын.
    Тамаққа тиіп шылымның дәмі,
    Һайямның жырын мақтаймын.

    Зарлыққа ұқсап,
    Жырымның бәрі,
    Мұңлық деп, саған ат қойдым.
    Түсіме кіріп,
    Ұғындым тағы…
    Сол күнді бірақ, жоқтаймын.

    Қиналған жанды,
    Сөйте ме екен?
    Қимаған әнді шерттім мен.
    Махаббат деген,
    Күлкі ме екен?!
    Көзімнің жасын сүрттім мен.

    Шын сұлулықтың,
    Күлкісі бөтен,
    Сұлулық емес,-
    Көп күлген.
    Бәріне көну мүмкін бе екен?
    Қолымды сілтеп кеттім мен.

    Тұсынан өтсем,
    Күрсініп өтем,
    Болмай ма одан шет жүрсем?!
    Бақыт деп білген,
    Бір түрлі екен,
    Бақытқа қашан жеттім мен?!

    Сен жаққа ағып,
    Ағыстың бәрі,
    Бұлттар да аққан от табан.
    Қыс келмей енді,
    Қар ұшқындады,
    Қалады-ау аяқта,
    Таптаған…

    Сағыныш сазы түнепті түнге,
    Қауызын әлі ашпаған.
    Емдетем айтшы жүректі кімге?
    Шырынын сығып тастаған.

    Жүрекке, айтам…

    Қалың ой қаптап тұрғаны-ай,
    Көтертпей басып еңсені.
    Бағынбай жүрек…
    Бұл қалай?
    Түсінбей тұрмын мен сені.

    Әлде не түсіп есіңе,
    Өлең боп жалғыз сырласың.
    Дөңбекши бердің несіне,
    Бір үйге сыймай бір басың.

    Түн ұзақ,
    Қойды таң атпай,
    Жырыңды жұмбақ кім ұқсын?!
    Беймезгіл келген қонақтай,
    Махаббат сен де қызықсың!

    Қайғысы жатқан мың батпан,
    Жанымды кім бар ұғатын?!
    Айтайын деп бір тіл қатсам,
    Әзілге сөзді бұратын.

    Тұрған бір сонау күлімдеп,
    Көремін жалғыз елесін.
    Іздесем қайғы – жырым боп,
    Әнім де мұңды келетін.

    Қиялшыл болдым бұл кезде,
    Жүректе толқып бір сезім.
    Қадалған оған көп көзге,
    Қарсы боп бұрам бір өзім!

    Саған

    Болса деп ем…
    Жалғыз әнім,
    Ертегідей қиялым ба?!
    Саған арнап жыр жазамын,
    Атын басқа қоямын да.

    Сыйластықты бұзбағаным,
    Бақыт болып қонбасаң да.
    Басқа көзден қызғанамын,
    Маған көзді салмасаң да.

    Жоқ батылдық,
    Жігерімде,
    Сүю арман гүл ерінді.
    Жүрегіммен сүйемінде,
    Ауыртамын жүрегімді.

    Қиялымнан түлеп шығып,
    Жырмен саған тіл қатамын.
    Саған бақыт тілеп тұрып,
    Бақытымды ұрлатамын.

    Мәртебеңе басты тігем,
    Өтем жырмен биік қылып.
    Барлық қызды жақсы көрем,
    Сені жалғыз сүйіп тұрып!

  69. Тамаша! Көрші болатын болдық. “Алаштың аты озғанша, ауыл үйдің тайы озсын” деген. Құлшынысыңыз көңіл марқайтады.

  70. oljeke says:

    Салем Ақзере! Блогыңнан тәуір дүниелерді жаназық етудемін. Мен авторлар ретінде қосылсам бола ма? Oljeke немесе Шыңғыстау блогының иесімін Олжас Қасым.

  71. Айсұлу says:

    Ақзере,поэзия сүйер қауым сізге өздерінің ризашылығын білдіріп,ақ тілектерін жолдап жатыр.Мен де соларға шын жүректен қосыламын.Поэзияны сүйе білген,шын түсіне білген адамның өресі дәйім биік болады деп ойлаймын.Блогыңыздан кереметтей рухани ләззат алуға болады!Ғұмыры ұзақ болсын!Алла жар болсын! Мен де осында өзімнің махаббат жайлы бір өлеңімді қалдырайын (өлең деп айтуға келсе,әрине).

    Жүрегім ынтық көктемге,
    Апайда жаным шерлі еді.
    Шынайы әлем жоқ менде,
    Бұлыңғыр әлем мендегі.
    Арамызда не өткел ме?!
    Қандай ол әлем сендегі?

    Қаланың ерке ұлысың,
    Ауылдың ерке қызымын.
    Сен дағы көптің бірісің,
    Мен дағы көптің бірімін.
    Сен-жанымның пәк жырысың,
    Ал мен өзгенің жырымын.

    Сендік әлем басқаша,
    Жатырқаймын мен оны.
    Мен үшін,сірә,ешқашан,
    Тастамассың сен оны.
    Сен үшін мен тастасам..?
    Саған жоқ оның керегі!

    Жырым-менің жан шуағым,
    Ал сен үшін түк емес.
    Көз жасымның тамшылары
    Саған,сірә,мұң емес.
    Алла берген бар шырағым,
    Жасармын сомен мұң егес.

    Бөлек әлем біздерде,
    Жолымыз да бөлек пе?!
    Жаныңды сенің күз деуге
    Сол өзге әлем себеп пе?
    Бекінбей үміт үзбеуге,
    Бас тартуым керек пе?!

    Жолымыз қосылмай ма
    Параллель сызықтардай?!
    Әлемің осындай ма,
    Бар онда қызық қандай?!
    Болмай ма тосын жай да
    Көктемді күз ұққандай?!

    Қайтейін шуағым ең,
    Өзгеше болғанменен.
    Сен бар деп жұбанып ем,
    Үмітім солғанменен.
    Сен үшін жыладым мен,
    Қазір де тонған денем…
    АЛЛАНЫҢ ҚҰРАНЫМЕН
    Атырғын таңдарды ерең…

  72. Кырмызы says:

    Сіздің блогыңызға кіріп басқа бір әуезді әлемге еніп кеткендей болдым. Үлкен рахмет!

  73. 01-GE!!! says:

    Аркімдікі озіне! Шимай-шатпалагынды арыт тарт! Мумкін сен казакты Абайдан бастап кана білетін шыгарсын, ал мен оган дейінгілерді де, кейінгілерді де білем! Таныстым да. сенің нені меңзеп турганын малім болды. Сен Абайды мактаймын деп озгелерді тусіре берме! Аруактардын рухын сыйлау деген калып барады казір, ауыздарына келгенді айтып! Хадери халінше жаза алатындар жазсын! Сен олардын іштен шыгар жылы, табиги ауезіне кулак туріп ал алдымен! тук сезімі жок, тек уйкас пен буынга куралган олендерінді оз ауылында айт барып! Казак акын халык! Оны боліп жарып, анадан анау биік деу алангасарлык. Ойынды жинакта! Сосын барып пікірінді калдыр копшілік орында. Тарбие деген ен бірінші нарсе, ал сол, окінішке орай, сенде мулдем жок!

  74. 01-GE!!! says:

    Қазақ жастары! Көркейіңдер! Дәл осы калыптарыннан жазбандар! сендердің болашақтарың алда! Сендерді сынаушылар мен мінеушілерді ажырата біліңдер! Міннің сын емес екенін ұғыңдар! Қаламдарың қатайсын! Жазар көбейсін! Алла разы болгай!!! Ардақ ҚҰЛТАЙ

  75. Айбек Тоқтасын says:

    Гүлім қайда?

    Көктем беді?
    Көк басып мына айнала,
    Менсіз көктеп кеткен ба еді?
    Мен «өз гүлім қайда»- деп жүргенімде
    Айнала сарғыш тартып кеткен ба еді?

    Түсініксіз,
    Гүлім қайда?Гүлім қайда?
    Солып қалмасыншы енді қайта.
    Жер оған тарлық жасап жатса егер
    Жарайды алып кетем оны Айға

    Кезіксе сол гүлім қайта- қайта
    Сүйем деп айта берем қайта- қайта
    Жалығып кетсе егер ол сүйгеннен
    Айтып- айтып мазалап, қандай пайда?

    Басқа амал табайыншы оған пайда
    Тығылып отыр менен мына Айда.
    Қызықта емес шығар оған Айда?
    Жұлдызы жарық жанған Шолпан
    Суығы сақылдаған ол да қайда?

    Жер таршылық етпейді мен білемін
    Күлкімен, қуанышпен өмір сүрен
    Гүлімнің, бетіндегі арбір әжім
    Қуаныштан болады мен сөз берем.

  76. Айбек Тоқтасын says:

    Суретші болсам салам суретінді
    Сен маған жалықпадың үйретуді
    Қастеев та болар едім
    Ұнайды салу маған келбетіңді

    Жазушы бұйырыпты мына маған
    Асерлеп өлеңіммен сурет салам
    Жанымсың мына менің
    Ұнайсың өлең болып мына маған

    Сөз берем
    «Сен асылысын» жаным саған
    Асылдан асыл болып жаратылған
    Алланың берген нұрын бойға жинап
    Асыл аке, асыл ана дара туған

    Шақырып тұрғандай ғой қою шашың
    Түсіне алмай тұр ғой менім басым
    Сен оны сезгендей кулім қақтың
    Жібектің жібіндей боп әсем қасың

    Шиенің бояуындай сенің ернің
    Табылмай қалды міне енді теңің
    Ерніңе қарап менде ойға баттым
    Сүйіп шөлім қанбайды мына менің

    Бұлақтай мөп мөлдір ғой екі көзің
    Құлаққа жағып жатыр сенің сөзің
    Бір сөзбен мен сүйетін ару мысың?
    Тәп- тәтті болып кеттің сенің өзің

  77. Инна says:

    достар маган олен шыгарып бере аласындар ма мына такырыпка&расстояние немесе суйемин& деген такырыпка маган жакын арада керек еди

  78. Табиғат says:

    Жақсы блог екен, мүмкіндік болса, мен де өз өлеңімді тіркеп қояр едім

  79. ))) says:

    акындардан отиниш. егер дин такырыбын жетик билмесендер, Алла, периште, тагдыр деген создерди айналып отиндерши. мына блокта адам шошитын ойсыз шумактар жазылыпты. Периште бир кездери адамга табынган немесе будданын сакуралы бутагы жар болсын дегеннин неси соз?!арбир айтып жаткан создерин ушин жауап беретинимизди умытпайык,Агайын!

  80. Нургул says:

    Мени сую онай дейсин, солай ма?
    Ей, жигитим… катты айтсам мунайма!
    Махаббатты ойыншык дейсин, солай ма?
    Кыз да, гул де баптамасан солмай ма?…
    Суйем деген созинди ойландын ба?
    Суйемин деп, суймей калсан не истемекпин сондай да?…
    Бул бир ушкалак жигитке берилген жауап еди.
    Мен муннан коп олендер окыдым. Оте адеми жазылган екен. Каламдарынызга гул битсин, жас каламгерлер!!!

  81. mereke says:

    Сую онай,суйгени болу кандай,
    Жан-дуниен лапылдап туратындай.
    Суйем жаным озинди десем егер,
    Менде суйем дегенди естим калай?

    Омир-театр, биз онын актерымыз,
    Кейде кулип, ал кейде окпелеймиз.
    Жылатады бул омир баримизди,
    Окинип, сорлы басты тепкилеймиз.

    Махаббат омирменен тен келеди,
    Махаббатсыз бул жалганда ким журеди?!
    Махаббатты коре алмаган адамдар,
    Откенине окинип, курсинеди.

    Бул омир бир кисык жол бурандаган,
    Сол жолда ерге даулет туралмаган.
    Кунине токсан тогыз пале корсенде,
    Сондада кудер узбе бир алладан.

  82. Ержан says:

    Естеудің байлығы — өлең, бақыты — өлең,
    Жарға сыйлар жүзігі, жақұты — өлең.
    Саусақтарын талдырып қалам тұтқан,
    Жарты ғасыр жарға ұрған уақыты — өлең.

  83. Gulvira says:

    Парақтағы үзік сыр……………………..

    Нақышы қазақ, байсалды қыз боп өсіппін.
    Ана ақылын қос бұрыммен өріппін.
    Әке сөзін жан түкпірге мирас ғып,
    Өн бойымды жамандықтан алыс етіп, өсіппін.

    Білім, өнер, мәдениетке жақын едім, рас шыным.
    Бала жастан сурет салу, куй тарту да бір ныспым.
    Қазақ биін бар ниетпен әрленіп,
    Тырыстым кем сомдап Шұғыла пошымын.

    КазАтк- болды маңдай жазған ордасы еді білімнің
    Жүрек толқып, батылданған білімгердің бірімін.
    Түрлі істер, мақсаттар да бар жоспар,
    Мұратым да жету биігіне тау шыңының.

    Қызық ед???? әсте алақанның қызуы
    Жүзін көріп, тұлғамның бел қынуы
    Келбетімде қуаныш сынды белгіден
    Тоқтар емес, Ару жүрек соғуы…

    Өзгеден ерек, ерекше сезім бұл менде…
    Алып мұхит арнасындай, шерменде.
    Толып жатыр «Арман» атты киттер де,
    Ұсақ балық секілденіп сол сезім,
    Ұялад білем… тығылшықтап кей-кейде…..

    Мейлі енді… нені аңсап жүрсем де?!
    Қай арнаны таңдап алса, не етерде?!
    «Н» қайығын өз Кемеме қоса алмай,
    Ескегімнен айрылмаймын, һақ, менде.

    Мүмкін, әлі тоғысармыз, сан мың тарау айрықта……
    БАҚЫТТЫ БОЛ, қайда жүрсең. Қаймықпа!
    Сұлу бейнең, нұрды жүз де еш солмай,
    Жат адамға қарадың сен қайықта….

    Әкеме ұқсап, сөйлеген сөз, жүрген із.
    Көз алдымда бар жасаған жоба біз.
    Арман болып, ару тұлғаң сәнді де….
    ЖАТТАЛДЫ ОЛ ЖҮРЕГІМДЕ МӘҢГІГЕ!!!!
    Гульвира.Москва.2010ж.

  84. Ermukhan says:

    Махаббат жайлы бір өлеңімді қосып қойсам…
    Елес кундер
    Біз келеміз кең көшеде қол ұстасып,
    Ақтарып айтылмаған сырды ашып
    Өзіңмен өткен менің бір минутым
    Қайғы елін құлатады басын басып

    Күлімдесең кетердей жүрек ұшып,
    Көк аспанда қалықтап, бұлтты құшып.
    Өзіңмен болсам болды қайда болсын
    Сонда ғана күн тұрар нұрын шашып

    Мұңға егер батып кетсең мұңайып
    Кеткендей болад менен бір айып
    Қалықтап ұшып жүрген жас жүрекке
    Қайтарып аламын ау қиып жұлып

    Өткен күнді оралмас еске алысып
    Екеуміз жүрген бақпен бір қауышып
    Жүрегім қаламады денем барды
    Төзіммен сабырымның бәрін таусып

    Өткен күндер сағымы мен алысып,
    Уақыт атты жүйрекпенде жарысып
    Жеткім келед өзіңе ертелі кеш
    Өзіңмен қуанысып, қауышып..

  85. Ermukhan says:

    Жамбыл атамыз айтқан екен өлең екі түрлі болу керек деп бірі есі дұрыс адамды күлдіретін екіншісі есідұрыс адамды жылататын… менімше үшіншісі ойландыратын.
    Тек Аллах ұлық!

    Ағатын сырғып,
    Өмірім сынап,
    Біздерге жырғып,
    Берілген сынақ.

    Көреміз құзғып,
    Кетпейік құлап.
    Жүректі мұзғып,
    Жүрмейік жылап.

    Көңілді мәзғып,
    Намазға құлап.
    Жүректі жазғып,
    Аллахтан сұрап.

    Күнәға құлып,
    Тастайық қамап.
    Тек Аллах ұлық,
    Айтуды қалап.
    Өтейікші өмірден…

    Ораза тұтып,
    Талқанды шылап.
    Жүрсекте сұлып,
    Аштыққа шыдап.

    Умраға ұмтылып,
    Қайратты жинап.
    Аузына құмтығып,
    Жындарды қинап.
    Өтейікші өмірден…

    Өзіне құлғып,
    Жаратқан ғажап.
    Адамға ұлғып,
    Атаған азат.

    Өмірді құртып,
    Берілген азақ.
    Құдайды ұмтып,
    Жүрмеңдер қазақ.

    Өзгеге ұсынып,
    Дін жолын ұстап.
    Жұмаққа құлшынып,
    Барайық бастап.

    Қасқырша ұлып,
    Жаздыммен жырлап.
    Тек Аллах ұлық,
    Екенін шырқап.

  86. Moldir says:

    Таңдау
    Сенің нұрлы жүзіңе қарай алмай жүрмін мен
    Сүйемін бе мен сені білмеймін ғой оны мен.
    Бекер ғана қарадым, сенің тұңғиық көзіңе
    Өкінем ғой жаным мен болған істің бәріне.
    Амалым жоқ түсінші құрбым сені сүйеді
    Сен үшін ол шынымен де бар өмірін береді.
    Қиын екен бұл жағдай жанымды өртеп барады
    Бәрібір де мен сені ұнатады екенмін.
    Қиналамын көргенде сенің нұрлы жүзіңді
    Орын таппай кетемін көргенде сенің көзіңді.
    Тоқтатады бұл жағдайда құрбымның тек көз жасы,
    Сені күткен қаншама жыл үмітболған дидары…

  87. Nazgul says:

    magan omir turaly wygaryp beresizderma ozin ozi tanu sabagyna kerek et otinem kutemin

  88. Ана тілім.
    Жөн сөйлеші менің ана тілімде.
    Ұлылығын басқа теппе ұлтымның.
    Шүлжің – шүлжің шікірейіп бүлінбе.
    Қасиеті атар сені бұл тілдің.

    Ана тілім Абай тілі, Ар тілі.
    Ал сен қалай етіп тұрсың келеке.
    Құдіретті Ана тілің арқылы.
    Сөйлейді тек Ақиқат пен Береке.

    Айналмашы құр алдамшы мүсінге.
    Ана тілсіз сағың сенің сынар – ау.
    Ана тілін қорлағаның үшін де.
    Жеті атаң да тек жатпаған шығар – ау.

    АСТАНА.
    Елбасымыз бағыңды ашқан Астана.
    Тас түйін боп қауымдасқан Астана.
    Төрткүл Әлем төс түйісіп өзіңде.
    Құшақ жайып бауырласқан Астана.

    Тамылжыған таңы арайлы Астана,
    Әппақ арман аялайды Астана.
    Жан сәлемін ала келген адамды.
    Дос – туысқа бағалайды Астана.

    Мәңгі жастық жарқыраған Астана.
    Шат күйімен шалқыған ән Астана.
    Елбасының көзіменен қарайды,
    Ер еңбекқор халқың адал Астана.

    Бүкіл елдің жырысың сен Астана.
    Қорғанымсың,құрышым сен Астана.
    Ару қала,арман қала,ән қала.
    Сұлулықтың сырысың сен Астана.

    Сарыарқадан сағындырған Астана.
    Жаралдың – ау ағын нұрдан Астана.
    Қазағымның қаны ойнайды өзіңе,
    Бір сен үшін жаным құрбан Астана.

    Кемеліңе толдың бүгін Астана.
    Қандай ғажап мөлдірлігің Астана.
    Көгілдір ту көк аспанды көмкерген.
    Құтты болсын он жылдығың Астана…!

    Қазақ деген халық едік ежелден.
    Қазақ деген халық едік ежелден,
    Еркіндікті аңсап ерні кезерген.
    Бір қолымен құрығымен қамшы ұстап.
    Бір қолымен көк найзасын кезенген.

    Бізге деген “достың” өзі қиқар кеп,
    Жымысқы бір жұлушы еді “дикарь ” деп.
    Солар бүгін тартып қалып тізгінді.
    Торғайымды толғап отыр “сұңқар” деп.

    Өткен күндер ұмытылмас бүгін де,
    Шежіре тұр әр төбенің түбінде.
    Төрге ұстадық тәуелсіздік тәңірін.
    Төл мереке республика күнінде.

    Күннен туған көк байрақты туымыз.
    Ғасырлармен бірге кетті мұңымыз.
    Біз ешкімге емеспіз ғой тәуелді.
    Жалғыз ғана бір құдайдың құлымыз.

    Махаббат.
    О,Махаббат тұңғиық сыр қатал ақын,
    Ол емес өлең үшін ақы алатын.
    Махаббат музасындай жыр кітаптың.
    Тұмары ғашықтықтың жатталатын.

    Махаббат сағынышым жан ұшырған.
    Жаныма жалын құшақ жар ұсынған.
    Махаббатың ыстығына адам түгіл.
    Көк мұздың көзі ашып зәрі сынған.

    Жүректерде асыл жыр боп жазылған.
    Әсемдік пен сұлулығы назынан.
    Бар адамзат қалдырыпты сезімге.
    Көңілінде көктем болып жазып ән.

    Ғасыр бойы махаббат деп бас қатырып.
    Мөлдір сөздер жазылыпты тасқа тұнық.
    Іңкәр болып сезімдерде тербетілген.
    Махаббат мәңгілікке бас тақырып.

  89. Салтик says:

    Замандасым! Мен қазақ акындарын жанымдай жаксы көрем. Сенін блогынды кезіктіргеніме өте қуаныштымын!!! Өте жақсы деген бағаға сай екен.

  90. NURBEK says:

    Уа, менің аңсар әнім, аманбысың?
    Алақаннан ұшырып алған құсым.
    Сағыныш – сары сия ақ бұлттарға,
    Тигізді сырласпаққа, қалам ұшын.
    Қайда біздің күн-түндер қоңыраулы,
    Шырын хаттар білмейтін тоқырауды.
    Тұнып тұрған теңіздің, толқын құшып
    Тыншымай қалып қойды омырауы.
    Сараң тағдыр қызғанды ма ұзақ таңын,
    Көктемнің әсем, қызыл қызғалдағын?
    Снарядтың сынығындай шашылдық қой,
    Сен ауылда, мен қалада сыздап жаным.
    Өзіңді ойлап жатамын күндіз-түні,
    Жанды тербеп көршім тартқан сыбызғы үні.
    Тіршіліктен сән кеткендей көзді жұмып,
    Елестетем құлағыма сыбысыңды.
    Кеше күліп тағы да түсіме ендің,
    Сықылықтап тіл қаттың, түсінбедім.
    Сөнбес сезім, сынбас сәуле, тарқамас нұр,
    О, махаббат, сен не деген тылсым едің.
    Сұрамаймын хаттарыма жауап, сын, мін,
    Күлкісіндей, құн тілеген кәуапшының.
    Мүсіркеме, мен әншейін жыр іздеген,
    Поэзияға мұң лақтырған қармақшымын

  91. muldir-2011 says:

    Салематсыздар ма,сайтка жигит издеп келгеним жок достар сиздермен пикир болису ушин,

  92. Мақпал Жұмашова says:

    Өте тамаша блог!!! Жарайсыз!!!Құдды бір кітапханаға кіріп кеткендей болдым… Менің де блог ашқым келіп жүр…

  93. nurik says:

    Мен саған бір қарасам,жүз қараймын
    Себебі бір көрмесем мың жылаймын
    Қайтейін маған қатты ұнап қалдың
    Ымытқымда келмейді сені жаным

  94. nurik says:

    Мен өзімді ақынмын деп санамаймын
    Өлең жаздым деп ешкімге мақтанбаймын
    Тек қана бұл табиғи қасиетті
    құдайдың өзі берді,деп санаймын

  95. Эльмира says:

    Салем Акзере!!! Керемет екен өлендерініз катты унады. Жақсы блог екен.Сіздін блогынызды кездестіргеніме оте куныштымын. Сізге табыс тілеймін. ТЕК АЛГА!!!

  96. gulnara says:

    Miнe, тaгы дa жaйлaп кызapып кoктeмнiн тaны aтып кeлeдi,

    Уйкыдa бapi, мaxaббaтымнын мeнiн oлapгa жoк кoй eшбip кepeгi.

    Taнгы yйкыны yнaтaтын eм, ceнi cyйгeн coн oдaн apылдым,

    Уйкымды aлдын ceн, eндi тyнiмeн oйлayдa бoлдым, aнcaп, caгынып.

    Ceздipy yшiн ыкылacымды oттaй кeyдeмдi opтeп, yйкы бepмeгeн

    Жypeгiмдi cyйгeн caлып кoяp мa eдi, дeнeмнeн aлып, ceнiн кeyдeнe.

    Жaтapcын ceн дe yзaк тyн бoйы aк тaн aткaншa coлaй кoз iлмeй,

    Tyciнep eдiн мaxaббaтымды aдaл, ceн жypгeн кopмeй, coндa ceзiнбeй.

  97. gulnara says:

    Жылағым келді көзімнен жасым тамбады,
    Сен екенсің ғой өмірімнің бар мәні.
    Біреуге бақ боп бұйырып жүріп бір сәтте
    Болып жүрсің ғой енді бір жанның арманы.

    Көзіңе қарап көремін сезім шуағын,
    Сыртыңнан саған ғашық боп жаным тұрамын.
    Өзің боп менде тіршілік етер бар нәрсе,
    Өзіңе ғана арналады енді жыр әнім.

    Жанарың нұр, көздерің күліп тұрады,
    Сезімдерің де селт етпес секем қырағы.
    Жақындап саған қолымды созсам жарығым,
    Алыстап мүлдем барасың жаным тым ары.

    Бұйырмас бағым, бақытымсың ау сен менің,
    Өзіңнен басқа өзге жандарды көрмедім.
    Жаныңнан өтем ал өзің болсаң жарығым,
    Сезімге толы жүрегімді де сезбедің.

    Іздесең егер бұл өмірден соқ маған,
    Сен үшін мен бақыт та болам, бақ болам.
    Жарық дүниеден бақыт таппасаң,
    Өзіңсіз,
    Бақытсыз күйде қара түнге сіңіп; жоқ болам…

  98. scar2712 says:

    калай салуга болады сайтқа???

  99. Нариман says:

    О махаббат

    О, махаббат, оттай сезім жалынды,
    Күйдірсең де, қарайтсаң да қанымды,
    Мұңайтсаң да, жылытсаң да әнімді,
    Бір сен үшін аямаймын барымды.

    О, махаббат, сиқырың көп жағымды,
    Бір сен үшін құрбан етем жанымды.
    Мағанда кеп шырайыңды танытсаң,
    Бақытпенен атырар ем таңымды.

    О, махаббат, жансыздарға жан берген,
    Таңсыздарға шұғылалы таң берген.
    Айтшы қашан жақын болып өзіңе,
    Тұла бойда сиқырыңды сезінем?

    О, махаббат, қол жетпес бір сағымдай,
    Сарқыраған, гүрілдеген ағымдай,
    Қол жетпеген Оқжетпестей биіксің,
    Неге жүрсің дәл төбеңе шықтырмай.

  100. Нариман says:

    Қыздарға

    Заманның талабына қарап мына,
    Арулар тұқымыда ауысты ма?
    Кешегі Баян сұлу, Қыз Жібектің,
    Тең келер казіргі қыз қай-қайсына?

    Дақ түсіріп «Қазақ қыз» атауына,
    Ата салтын аяққа таптады да,
    Сұқ көзге кіндік ашып ұялмастан,
    Қыздарым басы айналып, шатасты ма?!

    Еліктеп шетел жақтың қыздарына,
    Жарқыратты бөксесін, сандарында.
    Омырауын жартылай ашып тастап,
    Ер жігітті жүргендей қызғандыра.

    Ішімдік ішіп, темекі ұстағаны,
    Көш басын жамандыққа бастағаны.
    Тәрбие берген анасы мен әжесіне,
    Тас алып оң қолымен тастағаны.

    Пәк сезім махаббатпен таныс емес,
    Ғашығын ойлап түнімен уайым жемес.
    Қалтасы жұка, бойында асылы көп,
    Жүрегі алтын жігітті жаным демес.

    Жігіт дейді қалтасы қалыңдарды,
    Соларға ғашық болып табынады.
    Махаббаты қазіргі нәзіктінің,
    Ауа-райы сияқты құбылады.

    Қара бұлт басына төңгіш арулардың,
    Туады ма ағайын ашылар күн?!
    Осы жағдай көңілді толғандырып,
    Жүрегіме толтырды шер менен мұң..

  101. абзали says:

    мен жаным суйеип отем мен оте мыкты жигитпин менин кизимнин аты меруерт

  102. Akmaral says:

    ia keremet eken bazar jok tema…………………….

  103. Сауле says:

    magan katti unadi

  104. Манасбек says:

    Біз бір жұп едік бір – біріне жарасқан,
    Қайда кетті сол жарқыраған көкаспан,
    Аспаным күркіреп қара бұлт басқан,
    Күнімде жоғалды жарқырап нұршашқан,
    Кімдер қарсы болды бірге болуымызға,
    Махаббат алауында күйген жүрегің,
    «Айналдыма суық мұзға»
    Ұзақ шақырымдар бар енді арамызда,
    Ешкім кедергі бола алмайды деп едің,
    «Махаббатымызға »
    Екі бөлек екен тағдыр салған жолымызда,
    Ойға батып ойлаймын сені ойлайсыңба мені,
    Сенсің менің жараланған жүрегімнің емі,
    Сенің бейнең менің қыйалымнан кетпеді,
    Ұмытармын бәріне уақыт емші болар дедім,
    Бірақ уақыттың да күші жетпеді,
    Сені ұмыта алмайды мына меніңжүрегім,
    Себебі сол жүрекпен сені шын сүйгенмін,
    Түстерімде сенімен бахытты бірге болып,
    Танертең ойансам түс екен деп түңілемін,
    Жаным келші өтінем өміріме қайта оралып,
    Мен қалдым айрылық азабынан қыйналып,
    Менің сенімен бахытты болғым келеді,
    Бірақ қатал тағдыр сені маған бермеді.
    Авторы: Манасбек

  105. Манасбек says:

    Күнiм түнерiп аспаным бұлттасқан,
    Мiне келдi күз жылайды аспан,
    Жүрегiм жалғыз жаңбыр менен сырласқан,
    Сен менiң өмiрде ең керегiмсiң,
    Қапаланған көңiл өзiнсiз қалай күлсiн,
    Азапта қалған мен бiр ғашыкпын,
    Сыртпенен жымиып жалған күлемiн,
    Шынында мұңды көкiректегi жүрегiм,
    Өткен шақ қайта келмейдi бiлемiн,
    Келмесеңде аяаулым мен сенi күтемiн….
    manasbek@inbox.ru

  106. Манасбек says:

    Және осы арман болған махаббат есіме түсер,
    Не істеймін арман ару өшпейді жадымнан,
    Кімге айтайын дертімді кімге қылайын дәстан,
    Қатар – қатар жазылар параққа каншама сөздер,
    Жоғалған қара әдемі көздер шырын сөздер,
    Сенің бейнең көз алдымда елестер,
    Келмесең де оралып жүрегім сені іздер,
    Ай жылдар өтті дертіме ешнарсе болмады ем,
    Жаңадан жазамын параққа жаңа өлен,
    Жаным қайдасың сені қашан көрем,
    Сағынғанымда сенің суретіңе үңілем,
    Сол кездерді есіме алып қыйалға берілем,
    Білмеймін сенсіз қалай өмір сүрем,
    Арамыз барады күн өткен сайын ұзап,
    Тағдыр қатыгез сүйгенімнен айырып берер азап,
    Уақыт қалса екен бір орнында тоқтап,
    Тағдырымды кінәлаймын күнә жасап,
    Айрылыққа кінәлі кім білмеймінөзімде дұрыстап,
    Сен кеткенсің алысқа құс болып ұшып,
    Сені енді тек қана қиялда еркелеймін,
    Келмесіңді білсемде өзіме қайтаоралып,
    Мен жаным сенен үмітімді үзбеймін.
    manasbek@inbox.ru

  107. Манасбек says:

    Қалайша ұмытам өзіңмен болған жылдарды,
    Өзіңсіз кімге айтам жүректегі сырларды,
    Айралық азабын тағдыр басымасалады,
    Бұл салада менің қалауым болмады,
    Бұл өмірде адамның қалауы емес,
    Білем тағдырыңа жазғаны болады,
    Ашылғам гүлімда енді ашылмасқа солады,
    Махаббат дертi менi қатты қыйнады,
    Сүйген жүрекке қайғыны жыйнады,
    Тағдыр маған сенi емес,
    Жалғыздык сыйын сыйлады,
    Жүрегім менің шашылып қыйрады,
    Көзімненде жас ағып парақ бетін сулады,
    Айралықтың азабы жанымды улады,
    Жүрегім жылап жастарым көздерімнен тамады,
    Неге маған емес сүйгенім басқаға бұйырады,
    Ойыма сыйдыра алмаймын,
    Сенің менен мәнгілікке кеткеніңді,
    Ойлаймын қайларға кімдерге жеткеніңді,
    Жаным мен қалап едім мені бахытты еткеніңді,
    Білмеймін сенсіз не істерімді,
    Істеген ісімде де мәні жоқ,
    Өзіңсіз мына өмірдің сәні жоқ,
    Өзіңсіз жүректе қайғы көп,
    Не болсада амалым барма менiң,
    Ұмыта алмай күйемiн бейнеңді сенің,
    Жүрегімде қалады мәнгілік есімің,
    Саған баратын жолымның,
    Тағдыр жаптыгой мангілікке есігін,
    (автор: Манасбек)

  108. Манасбек says:

    Далада жаңбыр жауар себелеп,
    Танысуымызға жаңбырлар болып еді себеп,
    Мені есіңе аларсын саған болсада ауыр,
    Бәлкім есіңе аларсын жауғанда жаңбыр,
    Түстерімде де жалғыз сені іздеймін,
    Айтшы жаным сенсіз не? істеймін,
    Сенсіз маған қатты қыйын жаным,
    Сені жаңбырлардан сұрадым,
    Дүниедегі сүйгенім жалғыз өзің,
    Сенсіз азапқа бере алмаймын төзім,
    Махаббатымыз арман болды не үшін,
    Жаңбырда жауар далада себелер,
    Сұрағыма жауапты өзіңсіз кім берер,
    Сенсіздікке жүрегім қанша төзер,
    Сені есіме алып жүрегім азапталды,
    Сені ұмытамын болды дегенде,
    Жаңбыр жауып сені қайта есіме салды,
    Қолымда суретің көздерімде мұң,
    Жаңбырда құйды шелектеп бүгін,
    Жоқтығыңа жанымда сенгім келмейді,
    Дертімді менің ешкім түсінбейді,
    Бәлкім жүрегіме бір күн үміт тұтарсың,
    Білмедім бәлкім бәрін ұмытқан боларсың,
    Мүмкін жаңа жігіт тапқан шығарсың,
    Бәлкім мені ойлап жыларсың,
    Мен сені ешқашан ұмыта алмаспын,
    Арман қылған күнімді сенімен көрермін,
    Бәлкім білмедім…
    Авторы: Манасбек

  109. Манасбек says:

    Бугiн сенi кордiм тусiмде озгеменен,
    Устiнде аппак койлек
    Жузiнде куаныш колында гулдер менен,
    Ойанып кеттiм коркудан тусiмекен,
    Ертесiне осы тус кайталанар едi шынымен….

  110. Манасбек says:

    САЛЕМ! Достар!…

  111. Ботагоз says:

    маган осы сиздердин жазган олендериниздин бари унайды

  112. Ботагоз says:

    Басылып құрығыр көңілім желіккен,
    Айырылып бойдағы болымсыз еріктен
    Сырымды ақтарып салмақ боп отырып,
    Түкті де жаза алмай қаламын неліктен?!
    Жүрсем де жырымды жазбақ боп оқталып,
    Құр ауыз «Сәлеммен» қаламын тоқталып.
    Көңілде сайраған сансыз көп сыр-мұңым
    Өртейді өзекті өткендей шоқ қарып.
    Нұрына алданып елеусіз жарықтың,
    Зарықтым,дертіме ем таппай тарықтым.
    Ұқсаңшы,тек қана өзіңе көрініп,
    Өзгеге «невидим» болудан жалықтым.
    Шынымды сыр қылып шертпек боп шешіліп,
    Көріп ем, қалмапты еш амал, еш үміт
    Сезімге тұншығып, булығып жүргенде
    Сөзім де, өзім де қалыппын кешігіп.
    Енді ше? Өзгемен жаңа өмір бастадың,
    Айналдың бағына басқаның,
    «Үндемес» руды ұмыттың,
    Тізімнен өшіріп тастадың.
    Жалғап ем өзіңе үзілген үміттің бір ұшын,
    Мен енді желіде түндерді түгесем кім үшін?
    Сен қазір өзгесің, жәй ғана таныстың бірісің,
    Дұрысы, мен үшін, ендігі агенті құрысын!

  113. arman kyz says:

    Сaуір айынын 14-ші жулдызында «Біз» студенттер театрынын жана спектаклінін тусауы кесілмек. Курылганына алты жылдын колемі болган театр осы уакытка дейін «Адаспандар», «Той», «Кешірініз, сізді ажал кутіп тур!» «Багдаршам» сынды тарбиелік манызы зор спектакльдер мен «Ол коктем оралмайды» атты мелодрамалык койылымын койып оз корерменін жинап улгерді . Алты жастага жас театр алда келе жаткан мейрамга орай жана мелодрамалык койылыммен жастарды суйіншілемек. «Миллион раушан гул»… режиссеры – Сайлаубеков Галымжан.
    Пак сезімдердін патшалыгындагы кейіпкерлердін коріністерін тамашалап, сахна сыртында отырып-ак онердін киесін сезінгіниз келе ме? Онда, осы сенбі, сагат 18.00-де КазУУ калашыгына тартыныз! ?.А.Жолдасбеков атындагы студенттер сарайында сізді аса рухани шабытпен «Біз» студенттер театры кутеді. Айтпакшы, суйіктінізді (болса) міндетті турде ерте келініз! (Кіру тегін)

  114. AiJarik says:

    mine endi kirdim osi blogka keremet
    akindar jir jirlatip jur etpek
    again jas kizdar akin bolsa
    osindai halik uwin ne jetpek ???

    keremet men kuaniwtymyn !

  115. Шынар Доскалиева says:

    Шiркiн Мукагали агамыздын олендерi ай! Барлыгыннын басындагы МАХАББАТТЫ жырлап кеткен…омiрден шаршасан Мукагалидын оленин тындандаршы бойына куш бiтедi…менiн суйiктi акыным..!

  116. Қазақша жыр, поэзия жанкүйерлері назарына: http://www.jyr-ghumyr.kz сайтына шақырамыз! Мұнда өз жырларыңызды жариялап, пікір айту, идеяларыңызбен бөлісу мүмкіндігіне ие боласыздар,

  117. Салима says:

    Кишкене калам ушына сыйдырам букил алемди дей келе каламдарынызга нур битсин !

  118. Aiida says:

    Salem jas akindar tamawa sait eken Akzere magan katti unadi

  119. Zarina says:

    Sotkadan fota kalay koyadi aaaaaaaa?

  120. 080808 says:

    оибаи мына пикирлер 5 жыыыыл боиы жазылган

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

%d bloggers like this: