Біраз уақытқа дейін…
Шілде 2, 2009Жүгіретін біреу болса қол созып…
Шілде 1, 2009
Кей кездері ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес.
Менің жайнап жүруіме ішінен,
Бұл әлемде біреу болса тілектес.
Кей біреудің елемеуі түк етпес,
Мейірімге бөлемеуі түк етпес.
Аман болсын екі жұлдыз көктегі
Менің қиын бақытыма шын тілектес.
Қызғанбаймын тұстастарым шықса озып,
Түк етпес-ау көтерсем де қанша жүк.
Абайсызда жұрт ішінде сүрінсем
Жүгіретін біреу болса қол созып.
Күләш Ахметова
Рецензия
Маусым 30, 2009Орыстардың көрген киноларына жазатын рецензияларын оқып, қайран қаламын. Қайдан шыққан ойлар, тіл байлық, философия. Кез-келген фильмді бүге-шігесіне дейін, майын сорып, жілігін шағып, жазып тастайды. Тіпті кейбір қолданушылардың жас аралығы 16-17 жастардағы жасөспірімдер, ал ойлау қабілетімен оларды ордабұзар жастағылар ма деп қаласың. Сенбесеңіздер, КиноПоиск сайтын бір ақтарып көріңіздерші.
Сонда рецензия жазуға жалпы біреулер үйрете ме? Әлде әр адам өзіндік ойларын өзінше жеткізе ме? Мысалы, менің шамам жетпейді сөйтіп жазуға. Кейде бір фильмді қарап шығып, кейін осы сайтқа барып, рецензияны оқысаң, сен байқамай қалған сәттерді жазып, оның мағынасын түсіндіріп жіберетін кездері болады. Сонда сен жалпы фильмді жай қарап шыққандай боласың, ал оның астарында қаншама мағына, қаншама философия жатыр екен.
Кейінгі кездері фильмдерді үлкен өнер ретінде, астарын іздей қарауға үйреніп жүрмін, сонда да білімім жетер емес. Соны түсінген сайын, фильм түсіру қаншалықты үлкен жауапкершілікті, үлкен өнерді қажет ететінін түсініп жүрмін. Біздің қазақ қоғамында рецензия жазу, ойларын жеткізу әлі дұрыс іске аспай жатыр.
Меніңше осы үрдісті дамыту керек, фильмді дұрыс түсіну, астарына жете білу. Көбінесе фильмді қарап шыққан сәттен, «ұнады, ұнамады» дегенмен ғана шектеліп жатамыз. Саян3 айтпақшы, «Үлкен білімге» жол бастауымыз керек…
Сен жалғыз емессің…
Маусым 26, 2009Міне, мына күн де өтіп кетті
Мен тағы жалғызбын
Бұл қалайша болды
Сен енді мендік емессің.
Сен «Қош» деп те айтпадың
Ал менің айтарым,
Сен кеткелі
Менің өмірім қара түнекке айналды.Ал кейде құлазыған көңіліммен
Махаббатты жоқтасам
Біреу маған сыбырлайды:
Қайырмасы
Сен жалғыз емессің
Мен сенімен біргемін.
Екеуміз алыс болсақ та
Мен тек сендікпін.
Сен жалғыз емессің
Қанша аралық жатса да
Сен менің жүрегімдесің.
Сен жалғыз емессің.
Жалғызбын…
Бірақ…
Кеше түсімде
Сенің жылағаныңды көрдім.
Мені өзіңмен шақырдың,
Жылулығыма мұқтажбын дедің.
Сенші маған, білемін,
Мен саған керекпін ғой.
Қолыңды берші, өтінем,
Бәрін бірге бастайық.
Тек сыбырлап қана айтшы,
Белгі берші. Мен тап сол сәтте
Сен жаныңда боламын, тек сендік боламын…
Қайырмасы:
Ребрендинг… очм, түсініксіз…
Маусым 24, 2009Маған Kcell-дің ана кішкене бала одуванчикті үрлегенде, ол қазақ елінің жалауына айналады, сосын ол асқар таулардан ұшып, ата мен әженің мойнына оралады, сосын қыран құсқа айналып, «Армандаңыз – бәрі де орындалады» деген позитивпен бітетін жарнамасы ұнаушы еді…
Ал қазіргі жарнамада, шашы бұйра-бұйра ұлты түсініксіз бір еркек, енді қазақ қызымен (қай ұлт болса да қазақстандық қой) қайда жүрсе де бірге болатынын айтады.
Ана фиолетовый жұмыртқа ма, тас па соны біле алмадым. Бір жерлерден асыл тас дегенді оқыдым. Қазіргі девиз: «Kcell – бұрынғыдан әлдеқайда жақын…», керісінше алыстап кеткен сияқтысың, Kcell…
Деген екен…
Маусым 22, 2009“Білесіз бе, бұл дүниеде сезімтал болудан ауыр нәрсе жоқ сияқты маған. Кейде тіпті сезімсіз адамдар әлдеқайда бақытты көрінеді. Бірақ оларға сезімнің тәтті дәмін татып көру бақыты бұйырмаған-ау деп тағы ойлаймын. Үнемі ауыр ойлармен арпалысып, кейде мұңға батып, кейде сағыныштан сарғайып, кейде сәл нәрсеге жүрегің жараланып, кейде қырандай түлеп, ал кейде бәрінен-бәрінен жалығып, өзің де анық білмейтін көз көрмес, құлақ естімес әлемге жетелейтін “Сезім” деген әлемнің тұрғындарына бар адамдар түсіністікпен қараса екен деймін…”
“Айнамекен” блогында Рауан деген жігіт осындай коммент қалдырыпты. Кейде біреулердің сөздерін, осыны неге мен айтпадым екен деп ойланып қаласың…
Жөн айттың, Рауан…
Қош бол…
Маусым 18, 2009Сені дәл осылайша кетіп қалады деп ойламаппын. Біз сонша саған не істедік? Отбасымыздың бір мүшесіндей көрдік. Әйтеуір сен аш қалмасын деп жағдайыңды жасадық. Тіпті біреудің үйіне қонаққа барғанда да, «үйдегі кенже баламызға бірдемең болса салып бер», деп отыратын едік.
Есіңде ме, ең алғаш келген кезің. Әлі кіп-кішкентай едің, енді болмағанда өлейін деп тұрған жеріңнен үйдегі дәрі-дәрмектің бәрін беріп, сені тірілтіп алдық, жүгіріп-ойнап, үйдің сүйіктісіне айналдың.
Ақкөңіл бейшараларға арналады…
Маусым 17, 2009Психологтар төмендегі кеңестерді көрінетін жерге іліп қоюды талап етеді екен. Біраз эгоистік кеңестер болғанымен мына өмірде ескере жүру керек-ақ. Әсіресе маған… )) Айтпақшы қосарларыңыз болса – мархаббат…

Сонымен, Сіз осы күнге дейін қалыптасқан тұлғасыз, және бәз біреулердің ықпалына қарамастан мынадай құқықтарға иесіз:
- Кейде өзіңізді бірінші орынға қоюға
- Моральды, материальды тұрғыда көмек сұрауға
- Әділетсіздікке қарсы тұруға
- Өз ойыңызды немесе тұжырымыңызды айтуға
- Түзу жолға түспегенше қателіктер жасауға
- Адамдарға өз проблемаларын өздері шешуге мүмкіндік беруге
- «Рахмет, ЖОҚ», «Кешіріңіз, ЖОҚ» деп айтуға
- Айналаңыздағылардың кеңестеріне құлақ түрмей, өзіңіз қалай дұрыс деп шешсеңіз солай жасауға
- Жаныңыз жалғыздықты қалап тұрса, басқаларға қарамай, жалғыз бола тұруға
- Қандай да болмасын өзіндік сезімдерді бастан кешіруге құқығыңыз бар, біреулерге ол сезімдеріңіз түсініксіз болса да
- Шешімдеріңізді өзгертуге немесе істеріңіздің жүйесін өзгертуге
- Келісім-шарт сізді қанағаттандырмаса оны өзгертуге… ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ БАР!
* * *
Маусым 16, 2009Кеше қоғамдық желілерде қазақ эстрадасында «Гүлім, гүлім, гүлімсің» әнімен танымал болып жүрген Нәби Айтмұратов 23 жасында жол апатында қайтыс болыпты деген хабар тараған етін. Жанында бірге келе жатқан әнші Еркін Нұржанов ауыр жараланып, ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр деген.
Мәселенің анық-қанығын білу үшін, интернетті қопарып шықтым, дәйек таппадым. Осы кезде қазақ ақпарат агенттіктерінің ұйықтап жүретінін тағы бір рет көз жеткіздім. Кейінірек, Мой мирде жүрген әншілерге хат жазып, сұрап едім, ақиқат шынымен расталды.
Өкінішті-ақ, эстрадада жарқ етіп, сөнді де қалды. Дарынды жігіт еді. Нәбидің аяғы ауыр келіншегі бар екен. Барлық туысқандарына көңіл білдіреміз, жаны жәннатта болсын! Еркін Нұржановтың сауығып кетуін тілейік.
12.30:Алматыда өрт
Маусым 15, 2009Алматыда Жібек Жолы мен Қонаев қиылысында Казкомның (қазір сонікі ма, емес па білмедім) ғимараты өртенді. Үлкен өрт болған соң өрт сөндірушілер де, Көк базардың жаны болған соң адамдар да көп болды. Ғимаратта үлкен дүкен де болған…


Жазған akzere
Жазған akzere
Жазған akzere 